< Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы

Ст. 7-1 Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы 1997 жылғы 16 маусымдағы N 127


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы
7-1-бап. Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті орган:

1) мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тауарларды өндірудің, жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсетудің тиісті кезеңге арналған жоспарын әзірлейді, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келіседі;

2) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысады;

3) жұмылдыру дайындығы саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіреді;

3-1) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

4) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

5) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгертілген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және басқаға беру туралы ұсыныс енгізеді;

6) жұмылдыру дайындығы саласында халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысады;

7) Қазақстан Республикасындағы жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру ережелерінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру әзірлігіне баға беруді жүзеге асырады және бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын баяндап отырады;

8) Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді;

8-1) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізеді;

8-2) жұмылдыру органдары туралы үлгілік ережені бекітеді;

8-3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекітеді;

8-4) экономика салаларынан Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, арнаулы мемлекеттік органдардың жұмылдыру қажеттіліктерін айқындау қағидаларын бекітеді;

9) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді бекітіп қою жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

9-1) қару-жарақ пен әскери техника бұйымдарына, аса маңызды азаматтық өнімдерге арналған техникалық құжаттаманың, сондай-ақ қатері жоғары объектілерге, халықтың тіршілігін қамтамасыз ету жүйелеріне және ұлттық игілік болып табылатын объектілерге арналған жобалық құжаттаманың сақтандыру қорын жасау және сақтау саласындағы қызметті үйлестіреді;

10) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 7-1-баппен толықтырылды - ҚР 2006.07.07 N 183, жаңа редакцияда - ҚР 2010.07.15 N 334-IV, өзгерістер енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2015 № 367-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2018 № 210-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.05.2020 № 332-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...6 7 7‑1 8 8‑1 ...22
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться