Ст. 47 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ
Төлемдер және төлем жүйелері туралы
47-бап. Нұсқауды көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші арқылы орындау
1. Осы Заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, төлем қызметтерін бөгде беруші көрсететін төлем қызметі клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы берген және сәйкестендіру құралы арқылы расталған келісімінің негізінде жүзеге асырылады. 2. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауын алғаннан кейін көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушіге және (немесе) клиентке төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға растауды тез арада жібереді.
3. Клиенттің банктік шотына қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін беруші клиенттің көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы келіп түскен нұсқауларын рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібін сақтай отырып, осы Заңның 46 – 49-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды.
4. Белгілі бір төлем жүйесі немесе банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушімен шарттық қатынастар шеңберінде көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиенттің нұсқауы өңделген және орындалған жағдайларда, соңғымен өзара есеп айырысулар тәртібі осы төлем жүйесінің қағидаларында немесе шарт талаптарында айқындалады.
5. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде беруші клиенттің және банктік шотқа қызмет көрсететін көрсетілетін төлем қызметтерін берушінің алдында өзінің қашықтан қол жеткізу жүйесінде жүзеге асырылған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша рұқсат етілмеген төлемдердің және (немесе) алаяқтық әрекеттердің жүзеге асырылу салдарлары үшін жауаптылықта болады.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей