Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46 Төлемдер және төлем жүйелері туралы 2016 жылғы 26 шілдедегі № 11-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Төлемдер және төлем жүйелері туралы
46-бап. Нұсқауды орындау

1. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды қабылдаған кезде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым нұсқауды жасау, беру тәртібіне қойылатын талаптарға және Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарға оның сәйкестігін тексеруге және егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, нұсқауда көрсетілген талаптарды сақтай отырып орындауға не оны орындаудан бас тартуға міндетті.

2. Бірінші бөлік 01.06.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 26.07.2016 № 11-VI Заңымен.
Инкассолық өкім арқылы берілген нұсқауды орындауды банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, инкассолық өкімнің белгіленбеген мерзімдерде орындалуын, сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларды қоспағанда, нұсқауды алған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірмей жасайды.

3. Бір банкте немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын бір ұйымда ашылған банктік шоттар арасында ақша аударуды ақша жөнелтушінің банкі операциялық бір күн ішінде жүзеге асырады.

4. Халықаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасында белгіленген талаптар сақтала отырып, нұсқаудыалған күннен кейінгі операциялық үш күннен кешіктірілмей орындалады.

5. Бірінші бөлік 01.06.2017 дейін қолданыста болды - ҚР 26.07.2016 № 11-VI Заңымен.
Бенефициардың банкі бас тарту себебін көрсете отырып, нұсқауды алған операциялық күннің ішінде нұсқауды орындаудан бас тартады.

6. Егер ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, ақша жөнелтуші банк нұсқауды орындау үшін, ақша жөнелтуші оны орындау үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етуге міндетті.

7. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды орындаудан бас тартуы мынадай негіздер бойынша:

1) егер шартта төлем қызметтерін берушінің клиентке осы төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру үшін кредит беру бойынша қызметтер көрсетуі көзделмесе, ақша жөнелтуші төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін қажетті ақша сомасын қамтамасыз етпеген кезде;

2) егер нұсқауда қолдан жасау, түзету, толықтыру және бүліну белгілері болса, оның ішінде, нұсқау жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта белгіленген рұқсат етілмеген төлемдерден қорғау әрекеттерінің тәртібі бұзыла отырып берілсе;

3) бастамашы нұсқауды жасау және беру тәртібіне қойылатын талаптарды және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) шарт талаптарында белгіленген өзге де талаптарды сақтамаған кезде;

4) "Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда көзделген не Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерімен жасалған шарттарда көзделген жағдайларда;

5) банктік шоттан ақшаны өндіріп алу туралы талап мемлекеттік бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және әлеуметтік төлемдерді, тұрғын үй төлемдерін, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) емделуге ақы төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін біржолғы зейнетақы төлемдерін, нысаналы активтерді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдерін, жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу мақсатында төлемдер мен субсидияларды есепке жатқызуға арналған тұрғын үй құрылысы жинақ банкіндегі банктік шоттардағы ақшаны, нотариус депозиті шарттарында енгізілген ақшаны, тұрғын үй төлемдерін пайдалану есебінен жинақталған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы түріндегі, тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім беру ақысын төлеу мақсатында бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін нысаналы жинақ төлемдері түріндегі тұрғын үй құрылысы жинақ банктеріндегі банктік шоттардағы ақшаны, жеке сот орындаушысының өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотындағы ақшаны, инвестициялық портфельді басқарушының орындалмаған міндеттемелері бойынша осы инвестициялық портфельді басқарушы клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын тұлғаның орындалмаған міндеттемелері бойынша номиналды ұстаушының функцияларын жүзеге асыратын осы тұлға клиенттерінің ақшасын есепке алуға арналған банктік шоттардағы ақшаны, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыруға арналған банктік шоттардағы ақшаны, әлеуетті өнім берушілердің немесе өнім берушілердің "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік сатып алуға қатысу шеңберінде қамтамасыз ету шаралары ретінде ақша енгізуіне арналған мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың банктік шотындағы ақшаны, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу мақсатында жасалатын шарттар бойынша міндеттемелердің орындалмауы туралы істер бойынша сот шешімдерінің негізінде өндіріп алуларды қоспағанда, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жинақтар түрінде екінші деңгейдегі банктердегі банктік шоттардағы ақшаны есепке жатқызуға арналған банктік шотқа, сондай-ақ "Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалған білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша банктік шотқа қойылған жағдайларда;

5-1) қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу үшін төлем талабы алименттерді (кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз кәмелетке толған балаларды күтіп-бағуға арналған ақшаны) есепке жатқызуға арналған банктік шотқа қойылған жағдайларда;

5-2) өзіне қатысты "Оңалту және банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен банкроттық туралы іс қозғалған немесе өзіне қатысты "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен рәсімді қолдану туралы іс қозғалған немесе рәсім қолданылған борышкердің банктік шотына банктік шоттан ақша өндіріп алу туралы талап қойылған жағдайларда;

6) рұқсат етілмеген төлем анықталған кезде, сондай-ақ бенефициардың пайдасына аударылатын ақшаның құқыққа сыйымсыз алынғандығы негізделген фактілер анықталған және расталған жағдайларда;

7) клиенттің банктік шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың шешімдері және (немесе) өкімдері, мүлікке билік етуге уақытша шектеу қою, клиенттің банктік шотындағы ақшаға тыйым салу туралы ақшамен қамтамасыз етілмеген актілер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірінші кезекте орындалуға жататын нұсқаулар болған кезде;

8) банктердің "Астана" халықаралық қаржы орталығына қатысушы банктермен корреспонденттік қатынастар орнатуын реттейтін нормативтік құқықтық актінің талаптарына нұсқау сәйкес келмеген кезде жүргізіледі.

Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның нұсқауды осы тармақтың бірінше бөлігінің 1) және 7) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша орындаудан бас тартуы инкассалық өкімдерге, сондай-ақ сақталуы ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасындағы шартта көзделген төлем құжаттарына қолданылмайды.

8. Банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алынған нұсқаудың:

1) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым бенефициарға қызмет көрсетпеген жағдайда, нұсқауды келесі банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға беру;

2) егер ақша жөнелтушінің банкі бенефициардың банкі болып табылса, ақша аударымын аяқтау;

3) егер банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ақша жөнелтушіге қызмет көрсеткен жағдайда, қолма-қол ақшаны төлеу туралы бұйрықты көрсеткен бастамашыға қолма-қол ақшаны беру талаптарын орындауы нұсқауды орындау болып табылады.

9. Бенефициардың банкi өзі орындайтын осындай нұсқауда белгіленген ақша сомасын орындалу мерзімі бенефициардың банкіне нұсқау келіп түскен кезде басталған, бенефициардың үшінші тұлғаның немесе осы банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның алдындағы міндеттемесі сомасының орнына үшiншi тұлғаның пайдасына немесе өз пайдасына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген, банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан ақшаны алудың кезектiлiгiн сақтауды ескере отырып есепке жатқызуға құқылы.

Ескерту. 46-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 05.07.2017 № 88-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.12.2017 № 114-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 № 217-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2019 № 284-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.11.2021 № 72-VII (01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2023 № 40-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...44 45 46 47 48 ...60

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться