Ст. 45 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану
1. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қару мынадай жағдайларда: 1) сезіктілер мен айыпталушылардың, өзге де адамдардың күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін шабуылынан қорғану үшін;
2) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орындарының қызметкерлеріне, өзге де адамдарға қару иелену мақсатымен жасаған шабуылын тойтару үшін;
3) кепілге алынған адамдарды, басып алынған үйлерді, ғимараттарды, үй-жайларды және көлік құралдарын босату үшін;
4) күзетте ұстау орындарының үйіне, ғимаратына, үй-жайына және көлік құралдарына топтасып немесе қарулы шабуыл жасауды тойтару үшін;
5) қарулы қарсылық көрсеткен, сондай-ақ күзетте ұстау орындары қызметкерлерінің немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы ауыр қылмыс жасау кезінде қолға түскен адамды ұстау үшін;
6) сезіктінің немесе айыпталушының күзетте ұстау орнынан немесе айдауылдан қашу әрекетінің жолын кесу үшін;
7) күзетте ұстау орны қызметкерінің қаруды тапсыру туралы заңды талабын орындаудан бас тартқан қарулы адамды ұстау үшін;
8) сезіктілер мен айыпталушыларды күш қолданып босату әрекеттерінің жолын кесу үшін;
9) жануарлардың шабуылынан қорғану үшін;
10) дабыл белгісін беру немесе көмек шақыру үшін;
11) өзге де қажетті қорғану және өте қажеттілік жағдайларында қолданылуы мүмкін.
2. Әйелдер мен кәмелетке толмағандар қарулы шабуыл жасаған, қарулы қарсылық көрсеткен, адамдарды кепілге алған, көлік құралдарын, оның ішінде әуе кемесін басып алған не топтасып шабуыл жасаған жағдайларды қоспағанда, оларға қатысты қару қолдануға тыйым салынады.
3. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қару және арнаулы құралдар қолданылған әрбір жағдай туралы прокурорға дереу хабарланады.
Лучшие юристы


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей