Ст. 9 Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс 2009 жылғы 28 тамыздағы N 191-IV
Заңсыз жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы iс-қимыл туралы
9-бап. Шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде тиісінше тексеру
Осы Заңның 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілері осы Заңның 5-бабының 3-тармағында көзделген шаралардан басқа, шетелдік қаржы ұйымдарымен корреспонденттік қатынастар орнатылған кезде қосымша мыналарды: 1) жалпыға бірдей қолжетімді ақпарат негізінде респондент-шетелдік қаржы ұйымының беделі және қызмет сипаты, оның ішінде оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасын бұзғаны үшін оған қатысты тергеп-тексеру жүргізілгені және оған санкция қолданылғаны туралы мәліметтер жинауды жүзеге асыруға және оларды құжаттық тiркеуге;
2) респондент-шетелдік қаржы ұйымы оны тіркеген елдің қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамасына сәйкес қолданатын ішкі бақылау шаралары туралы ақпаратты құжаттық тіркеуге, сондай-ақ қолданылатын ішкі бақылау шараларының тиімділігін бағалауды жүзеге асыруға;
2-1) респондент-шетелдік қаржы ұйымының корреспондент банктің шоттарына тікелей қолжетімділігі бар клиентке тиісінше тексеру жүргізгені және оның корреспондент банктің сұратуы бойынша клиентті тиісінше тексеру жөнінде қажетті ақпарат бере алу мүмкіндігінің бар екені жөнінде растау алуға;
3) қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастар орнатпауға және оларды сақтамауға;
4) респондент-шетелдік қаржы ұйымы өз шоттарын қалқа-банктердің пайдалануына рұқсат етпейтініне көз жеткізуге;
5) ұйымның басшы жұмыскерінің жаңа корреспонденттік қатынастар орнатуға рұқсатын алуға міндетті.
Респондент-шетелдік қаржы ұйымының қалқа-банктермен корреспонденттік қатынастарының болу-болмауы респондент-шетелдік қаржы ұйымы беретін және (немесе) қаржы мониторингі субъектісі өзге де көздерден алатын ақпараттың негізінде айқындалады.
Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей