Ст. 7 Өсімдіктер дүниесі туралы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ
Өсімдіктер дүниесі туралы
7-бап. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттері
1. Жеке және заңды тұлғалардың: 1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және аумақтарды күзетудің ерекше режимі белгіленген мемлекеттік орман қорының учаскелерін қоспағанда, өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерге еркін баруға және онда болуға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өсімдіктер дүниесін пайдалануға;
3) осы Заңға сәйкес өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы ақпаратқа қол жеткізуге құқығы бар.
Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың:
1) дайындалған (жиналған) өсімдік ресурстарына, сондай-ақ оларды өткізуден түсетін кірістерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес билік етуге де;
2) өсімдіктер дүниесін пайдаланушылардың құқықтарын бұзудан не мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудан келтірілген залалдарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтетуге де құқығы бар.
2. Жеке және заңды тұлғалар:
1) жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын жоюға және бүлдіруге, заңсыз жинауға жол бермеуге;
2) өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларының талаптарын сақтауға және өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етуге жол бермеуге;
3) табиғи өсімдіктер қауымдастықтарының тұтастығын бұзбауға, олардың биологиялық әралуандығының сақталуына ықпал етуге;
4) өсімдіктер дүниесін пайдалану процесінде өзге табиғи объектілер жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге;
5) өсімдіктер дүниесі алып жатқан учаскелерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға;
6) өсімдіктер дүниесін пайдалануды жүзеге асыру кезінде өзге тұлғалардың құқықтарын бұзбауға міндетті.
Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалануды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар:
1) жердің, су объектілерінің бекітіліп берілген учаскелерінде өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі іс-шараларды жүргізуге де;
2) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес уақтылы енгізуге де міндетті.
3. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары болады және олар өзге де міндеттерді атқарады.
3-тарау. ӨСІМДІКТЕР ДҮНИЕСІН КҮЗЕТУ, ҚОРҒАУ, ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Лучшие юристы
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей