< Мақта саласын дамыту туралы

Ст. 15 Мақта саласын дамыту туралы 2007 жылғы 21 шілдедегі N 298


Утратил силу

Мақта саласын дамыту туралы
15-бап. Мақта өңдеу ұйымының қызметін шектеу

1. Алып тасталды - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

2. Негізгі құрал-жабдықтарсыз мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүлде мүмкін болмайтын не қызмет айтарлықтай нашарлайтын жағдайда, мақта өңдеу ұйымының оларды иеліктен шығаруына, сондай-ақ кепілдіктер беруіне және (немесе) өз мүлкін үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілге қоюына тыйым салынады. 

3. Сақтауға және (немесе) өңдеуге тапсырылған мақтаға мақта өңдеу ұйымдарының билік етуіне тыйым салынады. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.06.30 № 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
16-бап. Мақта өңдеу ұйымының есебі және есептілігі  

1. Мақта өңдеу ұйымы өзінің мақтаға қатысты жасаған операцияларын көрсететін құжаттардың есебін қатаң жүргізуге және олардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Есепке алу құжаттарының тізбесі мен нысандарын, мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету, мақта нарығының мониторингін жүргізу жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша есептілікті ұсыну мерзімдерін уәкілетті орган бекітеді. 

2-1. Ведомстволық статистикалық байқауларды уәкілетті орган мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық әдіснамаға сәйкес жүргізеді. 

3. Сақталуға тиісті құжаттардың тізбесі, оларды сақтау мерзімдері мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу қағидаларында белгіленеді. 

3-1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты операциялардың және мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге байланысты емес операциялардың жеке-жеке есебін жүргізуді қамтамасыз етуге міндетті. 

4. Мақта өңдеу ұйымы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының жазбаша сауал салуы бойынша өз қызметіне байланысты мақта нарығының мониторингін жүргізу үшін қажетті ақпаратты беруге міндетті. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
17-бап. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесі 

1. Мақта өңдеу ұйымы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысу арқылы мақта қолхаттарын ұстаушылардың алдындағы өз міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуге міндетті. 

2. Мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысуы мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорымен жасалатын қатысу шарты негізінде жүзеге асырылады. 

3. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорлары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша субсидиарлық жауаптылықта болады. 

4. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымы сақтауға қабылдаған шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісі басталған кезде мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қоры осы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхаттарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін сапасы бойынша жойылған немесе нашарлаған шитті мақтаның және (немесе) мақта талшығының өтеу кезінде қалыптасқан нарықтық құнының кемінде сексен пайызы мөлшерінде ақшамен өтеуді жүргізеді. 

Шитті мақта және (немесе) мақта талшығы сапасының жойылу немесе нашарлау фактісін анықтау тәртібін уәкілетті орган айқындайды. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымының мақта қолхатын ұстаушы алдындағы міндеттемелерін өтеуді жүзеге асырған мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына ол төлеген сома шегінде мақта қолхатын ұстаушының осы мақта өңдеу ұйымына қоятын талап ету құқығы өтеді. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру мақсатында мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру қорына мақта қолхаттарының тізілімін ұсынуға міндетті. 

5. Мақта қолхаттары бойынша міндеттемелердің орындалуына кепілдік беру жүйесіне қатысушы мақта өңдеу ұйымдары өз мүлкін және өзге де мүліктік мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтандыра (өзара сақтандыра) алады. 

Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.07.2015 № 336-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Мақта өңдеу ұйымының аудиті  

1. Мақта өңдеу ұйымы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жылдық қаржылық есептілік аудитін жүргізуге міндетті. 

2. Егер мақта өңдеу ұйымы аудит жүргізуден жалтарса, аудит кез келген мүдделі тұлғаның талап-арызы бойынша сот шешімімен тағайындалуы мүмкін. 

3. Мақта өңдеу ұйымының ішкі аудит қызметінің аудитті жүзеге асыруы оны аудит жүргізу міндетінен босатпайды.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...42
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться