Ст. 33 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
33-бап. Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік
1. Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің құқықтық шарттары, оны жүзеге асыру тәсілдері, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асырудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасудың, орындау мен тоқтатудың, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу мен бағалаудың тәртібі жобалық қаржыландырудың және банктік қолайлылықтың халықаралық тұрғыдан танылған қағидаттарына сәйкес Кеңестің шешімі бойынша әкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалады. 2. Алатау қаласы органдарының Алматы облысы мен Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын бірлесіп немесе ілеспе түрде іске асыру бойынша өзара іс-қимыл жасауы осы Конституциялық заңның 26-бабының ережелері ескеріле отырып жүзеге асырылады.
3. Кеңестің шешімі бойынша әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде мыналардың:
1) жекеше әріптесті айқындау тәртібінің;
2) мемлекеттік әріптес пен жекеше әріптес арасындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тәуекелдерін бөлудің;
3) әлеуетті жекеше әріптеске қойылатын біліктілік талаптарының;
4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартына өзгерістер енгізу мен оның қолданылу мерзімін ұзарту тәртібінің;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер лимиттерін айқындау әдістемесінің;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын келісудің, сараптама жасау мен бекітудің жеделдетілген және оңайлатылған тәртібінің ерекшеліктері;
7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мен іске асыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ерекшеліктер де айқындалуы мүмкін.
4. Алатау қаласының аумағында іске асырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер бюджеттің өзіне жеткілікті болуы басталғанға дейін Кеңестің шешімі бойынша әкімшіліктің нормативтік құқықтық актісінде айқындалған тәртіппен республикалық бюджеттің қаражаты есебінен орындалады.
5. Әкімшілік конкурстық құжаттамаларды, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобаларын әзірлеу және талқылау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайда тартылатын қарыздар, болжамды төлемдер және Алатау қаласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында консультациялық қызметтер көрсету үшін халықаралық, өңірлік және (немесе) қазақстандық қаржы институттарын тартуға, оның ішінде олармен тиісті келісімдер жасасуға құқылы.
6. Алатау қаласының аумағында іске асырылуға тиіс, оның ішінде халықаралық қаржы институттарының қатысуымен әзірленетін және қаржыландырылатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін әкімшілік айқындайды.
7. Алатау қаласында мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жүзеге асыру кезінде мемлекеттік қолдау шараларын ұсынудың түрлері, көлемдері мен тәртібі Кеңестің шешімі бойынша әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады.
Лучшие юристы
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей