< ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ

Ст. 64 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2024

ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
64-бап. Осы тарауда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы тараудың мақсаттары үшін мынаны білдіретін ұғымдар пайдаланылады: 

бірдей тауарлар – барлық жағынан, оның ішінде физикалық сипаттамалары, сапасы және беделі бойынша бірдей тауарлар. Тауарлардың сыртқы түріндегі болмашы айырмашылықтар, егер бұл тауарлар қалған жағынан осы абзацта көзделген талаптарға сәйкес келсе, оларды бірдей емес деп тану үшін негіз болып табылмайды. Егер тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін, бағаланатын тауарлар (бұдан әрі осы тарауда – бағаланатын тауарлар) өндірілген елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, ол тауарлар бірдей болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "шығарып алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, құрастыру немесе бөлшектеу жолымен дайындалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген бірдей тауарлар сол өндірушінің бірдей тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайсыз деп есептелген жағдайда ғана қарастырылады; 

біртекті тауарлар – барлық жағынан бірдей болып табылмайтын, бірақ өздерінің бағаланатын тауарлар сияқты функцияларды орындауына және олармен бірін-бірі коммерциялық тұрғыда алмастыра алатын тауарлар болуына мүмкіндік беретін ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас құрауыштардан тұратын, дәл сондай материалдардан өндірілген тауарлар. Тауарлардың біртекті болып табылатын-табылмайтынын айқындау кезінде сапасы, беделі және тауар белгісінің болуы сияқты сипаттамалар ескеріледі. Егер тауарлар бағаланатын тауарлар өндірілген елде өндірілмесе немесе егер осы тауарларға қатысты жобалау, әзірлеу, инженерлік, конструкторлық жұмыс, көркемдік әрлеу, дизайнын, эскиздері мен сызбаларын әзірлеу және өзге де сол сияқты жұмыстар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында орындалған болса, тауарлар біртекті болып есептелмейді. Тауарларға қатысты "өндірілген" ("өндірілді") деген ұғымның "шығарып алынған", "өсірілген", "дайындалған (оның ішінде тауарларды монтаждау, құрастыру немесе бөлшектеу жолымен дайындалған)" деген мағынасы да бар. Бағаланатын тауарларды өндірушіден өзге тұлға өндірген біртекті тауарлар сол өндірушінің біртекті тауарлары анықталмаған не қолда бар ақпарат пайдалануға қолайсыз деп есептелген жағдайда ғана қарастырылады;  

дәл сол сыныптың немесе түрдің тауарлары – бірдей және біртекті тауарларды қоса алғанда, тауарлардың бір тобына немесе қатарына жататын және дайындалуы экономикалық қызметтің тиісті түріне жататын тауарлар; 

жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есепке алу қағидаттары – тиісті уақыт кезеңінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолданылатын бухгалтерлік есепке алу қағидаларының жүйесі; 

өзара байланысты тұлғалар – мына шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап беретін: 

олар бір бірінің ұйымдарының қызметкерлері немесе директорлары (басшылары) болып табылатын; 

олар заңды тұрғыда танылған іскер әріптестер болып табылатын, яғни шарттық қатынастармен байланысқан, пайда табу мақсатында әрекет ететін және бірлескен қызметті жүзеге асыруға байланысты шығыстар мен залалдарды бірге көтеретін; 

олар жұмыс беруші және жұмыскер болып табылатын; 

қандай да бір тұлға олардың екеуінің де айналысқа шығарылған дауыс беретін акцияларының бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иелік ететін, оларды бақылайтын немесе ұстаушы болып табылатын; 

олардың біреуі басқасын тікелей немесе жанама бақылайтын; 

олардың екеуін де үшінші тұлға тікелей немесе жанама бақылайтын; 

олар бірігіп үшінші тұлғаны тікелей немесе жанама бақылайтын; 

олар туысқандар немесе бір отбасының мүшелері болып табылатын тұлғалар. 

Егер тұлғалар бірлескен кәсіпкерлік немесе өзге қызметте әріптестер болып табылса және бұл ретте олардың біреуі басқасының айрықша (жалғыз) агенті, айрықша дистрибьюторы немесе айрықша концессионері болып табылса (бұл қалай ұсынылса да), мұндай тұлғалар, егер олар көрсетілген шарттардың ең болмағанда біреуіне жауап берсе, осы тараудың мақсаттары үшін өзара байланысты деп есептелуге тиіс. 

Егер тұлға заң жүзінде немесе практика жүзінде басқа тұлғаның әрекеттерін шектеу немесе оны басқару мүмкіндігіне ие болса, ол осы тұлғаны бақылайтын болып есептеледі.
Статья 1 ...62 63 64 65 66 ...571
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Здравствуйте подскажите как оплачивают зарплату кочегарам,в гос.учреждениях,платят ли и выходные и праздничные



Алимент төлеуден бас тартқан жағдайда, қандай жаза қолданылады. Толықтай айтып кетсеңіздер



На данный момент я учусь в 11 классе на территории Республики Казахстан. Так как наша школа находится в аварийном состоянии последние два года, нам пришлось учиться в другой школе в три смены. Уроки проводились по 30 минут в день — с 15:00 до 19:00, поэтому нам добавили занятия в субботу, чтобы закрыть пробелы в учебе.

С середины первой четверти нас перевели в нормальную школу, в которой организовали двухсменное обучение для нашей школы. Тем не менее образование хромает, так как я учусь в гуманитарном классе. Половина класса поступает на юриспруденцию, в том числе и я. Вместо того чтобы проводить урок «Основы права», который является профильным на ЕНТ, у нас добавили урок «Основы бизнеса». Как в такой ситуации мы должны сдавать ЕНТ, если этот профильный предмет у нас банально не преподается?

Большинство учащихся класса ходят на дополнительные курсы и подготовку к ЕНТ, и все уже подстроили свое расписание под уроки с 14:00 до 19:00. Однако совсем недавно, чтобы дети отдыхали в субботу, у нас ввели «нулевой» урок, который проводится каждый день с 13:20.

Лично я физически не успеваю на эти уроки, так как у меня ежедневно курсы, а в некоторые дни — тренировки. Я живу относительно далеко от школы и не успеваю. Но учителей это не волнует. Самый принципиальный из них заставляет нас каждый раз писать объяснительную записку, когда мы пропускаем его «нулевой» урок.

Только вчера я решил посетить «нулевой» урок, кое-как успев, не обедая, но учитель по НВП не пришел, потому что забыл про нас.

Теперь хочу узнать, насколько это законно. Обязан ли я писать объяснительную записку? Какими правовыми актами можно руководствоваться для защиты своих прав?

Заранее спасибо.



в каком документе указано, что родители, обучающихся в 1-4 классах, обязаны привести и забрать ребенка из рук в руки классному руководителю? подскажите



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться