Ст. 8 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
8-бап. Тыйым салулар мен шектеулерді сақтау
1. Тауарлар тыйым салулар мен шектеулер сақтала отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізіледі және (немесе) кедендік рәсімдермен орналастырылады. 2. Тарифтік емес реттеу шараларын, оның ішінде біржақты тәртіппен енгізілетін тарифтік емес реттеу шараларының және техникалық реттеу шараларының сақталуы – Одақ туралы шартқа сәйкес Комиссия айқындаған немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда және тәртіппен, ал өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау шараларының, оның ішінде әскери мақсаттағы өнімге қатысты шаралардың сақталуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалған жағдайларда және тәртіппен осындай шаралардың сақталуын растайтын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну арқылы расталады.
Техникалық реттеу шараларының сақталуын растау мақсаттары үшін техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган мен уәкілетті органның әкелінетін тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар туралы мәліметтерді, сондай-ақ осындай құжаттардан алынған мәліметтерді алмасу жөніндегі ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібі бірлескен актімен айқындалады.
3. Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар мен радиациялық талаптардың сақталуы Одақ туралы шартта және оған сәйкес қабылданған Комиссияның актілерінде белгіленген тәртіппен және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен санитариялық-эпидемиологиялық, ветеринариялық, карантиндік фитосанитариялық, радиациялық бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыру нәтижелері бойынша расталады.
4. Жеке тұлғалардың Одақ туралы шартта көзделген, өздеріне Еуразиялық экономикалық одақтың мүшесі болып табылмайтын мемлекеттермен саудада тарифтік емес реттеу шаралары қолданылатын тауарлардың бірыңғай тізбесіне енгізілген тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарлар ретінде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу және (немесе) Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкету ерекшеліктерін Комиссия айқындайды.
5. Егер тыйым салулар мен шектеулерді белгілейтін актілерде олардың сақталуын растау жағдайлары және (немесе) тәртібі айқындалмаған болса, осындай тыйым салулар мен шектеулердің сақталуы тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізу кезінде, сондай-ақ тауарларды ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімімен немесе экспорт кедендік рәсімімен орналастыру кезінде расталады.
6. Егер халықаралық пошта жөнелтілімдері:
1) келу орнынан халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарлармен кедендік операциялар жасау орнына дейін;
2) келу орнынан кету орнына дейін тасымалданса, оларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру кезінде декларанттарға тыйым салулар мен шектеулерді сақтау жөніндегі міндет жүктелмейді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Добрый вечер.
Если человек не является собственником квартиры ,(а собственник умер давно и нет наследников)но проживает там уже 7 лет, он затопил квартиру соседей ,кто должен отвечать и на основании какой статьи.
Добрый вечер.Скажите пожалуйста, если мне назначена пенсионная выплата по возрасту после 23 января, положена ли мне индексация выплаты в связи с инфляцией, которая делалась с 1 января. Я встречала ответ Министра труда и социальной защиты на egov.kz ; dialog.egov .kz "Открытый диалог" Дуйсеновой Т.Б. Что если пенсионная выплата назначена в 2020 году после 1 июля, точно не помню число, в 2020 году то она будет проиндексирована на 7 % ( повышение с 1 января) и на 5 % ( повышение с 1 апреля), т.е. на 12 процентов. Теперь я не могу найти эту статью, мне эта информация нужна для обжалования в суде сделанных мне перерасчетов пенсии по возрасту. Благодарю.
Добрый день!
Если Поставщик не правильно указал свой юредический адрес ( в регитсрационных данных в егов другой город и адрес) можно его отклонить от закупок в конкурсе?
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей