< Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы

Ст. 9 Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы 2018 жылғы 2 шiлдедегi № 167-VІ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы
9-бап. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау талабы

1. Экспорт немесе импорт бойынша ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау уәкілетті банктердегі банктік шоттарға: 

1) экспорттан түсетін ұлттық валютадағы және (немесе) шетел валютасындағы түсімді; 

2) бейрезидент міндеттемелерін орындамаған немесе толық емес орындаған жағдайларда, импорт бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін резидент бейрезиденттің пайдасына аударған ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызуды білдіреді.  

2. Резидент (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартта көзделген мерзімдерде репатриациялауды қамтамасыз етуге міндетті. 

Резиденттің (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындау мерзімі (бұдан әрі – репатриациялау мерзімі) Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт тараптарының міндеттемелерді орындау талаптары негізге алына отырып айқындалады.  

Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттың талаптарында бейрезиденттердің міндеттемелерді орындау мерзімдері көзделуге тиіс. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттарға қызмет көрсететін уәкілетті банктер резиденттен репатриациялау мерзімін нақтылауды талап етуге құқылы. 

Репатриациялауға жататын және шетелдік банктердегі шоттарға есепке жатқызылған ұлттық валюта және (немесе) шетел валютасы уәкілетті банктердегі резиденттің (шетелдік ұйымның филиалын (өкілдігін) қоспағанда) шоттарына репатриациялау мерзімі өткенге дейін аударылуға тиіс. 

3. Репатриациялау талабы:  

1) бейрезиденттен тартылған қаржылай қарыз талаптарына сәйкес резиденттің міндеттемелерін қамтамасыз етуге немесе резиденттің шетелде ашылған филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін қамтамасыз етуге арналған резиденттің шетелдік банктердегі шоттарына ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын есепке жатқызу; 

2) резиденттер Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде көрмелерді, спорттық, мәдени және өзге осыған ұқсас іс-шараларды өткізуден алатын шетел валютасын оларды өткізу кезеңінде шығыстарды жабу үшін пайдалану; 

3) резидент – көлік ұйымдарының шетелдік банктердегі шоттарына шет мемлекеттердің аумақтарында порттық және өзге де алымдарды төлеуге және осындай көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасының шегінен тыс жердегі көлік құралдары мен олардың жолаушыларына қызмет көрсетуге байланысты шығыстарды, сондай-ақ осындай көлік ұйымдарының Қазақстан Республикасы аумағының шегінен тыс жердегі филиалдарының (өкілдіктерінің) қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарды төлеу мақсатында валюталық түсімді есепке жатқызу; 

4) экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша қарсы талапты есепке жатқызу арқылы бейрезиденттің міндеттемесін тоқтату; 

5) резидент пен бейрезидент арасында болған бастапқы міндеттемені сол тұлғалар арасында өзге нысананы немесе орындау тәсілін көздейтін басқа міндеттемемен ауыстыру арқылы бейрезиденттің міндеттемесін тоқтату; 

6) бейрезиденттің міндеттемелерді орындамау тәуекелін сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандыру төлемін алу жағдайларында ішінара немесе толық орындалды деп есептеледі. 

4. Резидент бейрезидентке талап қою құқығын басқа резидентке берген жағдайда, экспорт немесе импорт бойынша репатриациялауды белгіленген мерзімде қамтамасыз ету жөніндегі тиісті міндет талап қою құқығын қабылдаған резидентке өтеді. 

Репатриациялау талабы қолданылатын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша резиденттің бейрезидентке өзінің талап қою құқығын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын жеке тұлғаның пайдасына беруіне, сондай-ақ резиденттің басқа бейрезидентке өзінің талап қою құқығын бейрезидентке өтеусіз беруіне жол берілмейді. 

5. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен және валюталық бақылау агенттерімен бірлесе отырып, резиденттердің (шетелдік ұйымдардың филиалдарын (өкілдіктерін) қоспағанда) репатриациялау талабын орындауын бақылау мақсатында экспорт немесе импорт жөніндегі жекелеген валюталық шарттар шеңберінде ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеуді жүзеге асырады. 

Осы мониторингтің мақсаттары үшін экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шартқа қызмет көрсететін уәкілетті банк оған есептік нөмір береді, бұл кейіннен валюталық бақылау органдарына экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт бойынша есептерді ұсыну кезінде көрсетіледі. 

6. Экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша есептік нөмірлерді алу тәртібін, есептердің нысандары мен оларды ұсыну мерзімдерін және ұлттық валютаны және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мерзімдеріне және (немесе) талаптарына әсер ететін міндеттемелердің және (немесе) мән-жайдың туындауын, орындалуын және тоқтатылуын растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, осындай шарттар бойынша ақша қозғалысын және міндеттемелердің өзге де орындалуын мониторингтеу тәртібі, сондай-ақ ол болған кезде экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар репатриациялау талабының орындалуын бақылауға жататын экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарт сомасының шекті мәнін қоса алғанда, талаптар мен өлшемшарттар және репатриациялау талабына жатпайтын жағдайлар, экспорт немесе импорт жөніндегі валюталық шарттар бойынша ақпаратты және (немесе) құжаттарды беру тәртібі Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларында айқындалады. 

Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. ІШКІ ВАЛЮТА НАРЫҒЫ

Статья 1 ...7 8 9 10 11 ...26
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.




Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.



Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться