< Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы

Ст. 403 Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы
403-бап. Қазақстан Республикасының өсімдіктерді қорғау туралы заңнамасын бұзу

1. Фитосанитариялық есептiлiктi ұсынбау, сол сияқты уақтылы ұсынбау – 

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

2. Фитосанитариялық бақылау объектілерінде фитосанитариялық мониторинг пен фитосанитариялық iс-шараларды зиянды организмдердің саны зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен жоғары болатындай олардың дамуы мен таралуына әкеп соққан жүргiзбеу –  

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

3. Мынадай: 

1) пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру үшін арнаулы сақтау орындарының (көмінділердің) болмауы; 

2) пестицидтерді берушілер (өндірушілер, импорттаушылар, сатушылар) әзірлеген және ұсынатын, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын залалсыздандыру әдістері мен технологияларының болмауы; 

3) қауіптілігі бірінші сыныпты, мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз болып қалған пестицидтерді герметикалығын қамтамасыз етпейтін және қоршаған ортаның пестицидтермен ластану мүмкіндігін жоққа шығармайтын ыдыстарда сақтау; 

4) қауіптілігі екінші сыныпты пестицидтерді қажет болған кезде полимер материалдардан жасалған арнайы қалташалары жоқ көп қабатты ыдысқа (пестицидтің) ерекшелігіне қарай) буып-түю; 

5) бүтіндігі бұзылған қаптамадағы пестицидтерді қайта буып-түю; 

6) пестицидтердің қағаз немесе ағаш ыдыстарын жағып жіберу арқылы жою үшін экологиялық бақылау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы жөніндегі мемлекеттік органдар заңнамаға сәйкес айқындаған орындарда жағылатын қоспалардың уытты емес (қауіпті емес) заттарға айналғанға дейін ыдырауын қамтамасыз ететін жоғары температуралық қондырғылардың болмауы; 

7) тыйым салынған, жарамсыз болып қалған пестицидтерді және олардың ыдыстарын тиеуге, тасымалдауға және түсіруге арналған механикаландыру құралдарының болмауы түрінде жасалған пестицидтердi залалсыздандыруды жүргізбеу және арнаулы сақтау орындарын (көмiндiлердi) тиiстi емес жай-күйде ұстау – 

жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

4. Арнаулы сақтау қоймаларын (көмiндiлердi) салу бойынша шаралар қабылдамау – 

лауазымды адамдарға он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

5. Осы баптың бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –  

жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. 

Ескерту. 403-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...401 402 403 404 405 ...920
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Здравствуйте, у меня такой вопрос я отбываю наказание в виде ограничение свободы у меня два нарушения оба за то что два раза давали арест 10 суток, а в остальном всё отлично. На все отметки хожу дома проверка я всегда на дома официально трудоустроен, а инспектор отправил дело в суд для замены на реальный срок говорит что это злостные нарушения и это повод . Подскажите пожалуйста как быть



дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться