< Ойын бизнесi туралы

Ст. 12 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Ойын бизнесi туралы
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар

1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс.

2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.

3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.

4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.

5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.

6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.

7. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

7-1. Букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары металл есікпен, брондалған шынымен және жеке күзет ұйымының немесе аумақтық ішкі істер органы кезекші бөлімінің орталықтандырылған пультіне қосылған дабыл сигнализациясымен жарақтандырылуға тиіс.

8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.

9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.

10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.

11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды.

12. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың тиісті кассасы және (немесе) букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасы арқылы қабылдайды. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор мөлшерлемелерді есепке алу орталығында есепке алынбаған ақша есебінен мөлшерлемелер қабылдауға құқылы емес.

13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.

14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды.

15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті.

16. Мыналар:

1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға;

2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылған тұлға құрылтайшысы, қатысушысы немесе бенефициарлық меншік иесі болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды).

17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды.

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2020 № 356-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 01.07.2022 № 131-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...10 11 12 12‑1 13 ...17
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться