Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 11 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

Ойын бизнесi туралы
11-бап. Ойын мекемелерінің орналасуы

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

1-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Казино мен ойын автоматтары залдары Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучье ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар шегінде орналастырылуға жатады.  

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

2-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Осы баптың 1-тармағында аталған аумақтарды қоспағанда, казино мен ойын автоматтары залдарын Қазақстан Республикасының аумағында орналастыруға тыйым салынады.  

3. Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) тұрғын емес үй-жайларда орналастырылуға тиіс. Оларды тұрғын үйлердің (тұрғын ғимараттардың) тұрғын емес үй-жайларында, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен олардың кешендерінің ғимараттарында және басқа да өндірістік, коммуналдық объектілерде және қойма объектілерінде, ғибадат үйлерінде (құрылыстарында), мемлекеттік органдар мен мекемелердің, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдарының, әуежайлардың, вокзалдардың ғимараттарында, қалалық және қала маңы қатынастарындағы қоғамдық көліктің барлық түрлерінің станциялары мен аялдамаларында орналастыруға тыйым салынады. 

Букмекерлік кеңсе мен тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыға бәс тігуге қатысушыларға өздері нәтижесіне мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен нәтижесін байқауға мүмкіндік беретін жабдықты букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан тыс жерге орналастыруға, сондай-ақ бәс тігуге қатысушыларға букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың электрондық кассаларына қол жеткізу үшін, байланыс қызметтерін қоса алғанда, техникалық құралдарды немесе қабылданған мөлшерлемелер, төленген және төленбеген ұтыстар туралы ақпарат беруге тыйым салынады. 

4. Көрінеу заңсыз ойын мекемесін ашу не ойын бизнесін ұйымдастыру үшін ғимаратты, үй-жайды немесе құрылысты беруге, сондай-ақ көрінеу заңсыз ойын бизнесін жүзеге асыру (ұйымдастыру) үшін ойын жабдығын, бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық беруге тыйым салынады. 

Ескерту. 11-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруға қойылатын жалпы талаптар  

1. Бір казинода кемінде отыз ойын үстелі орнатылуға тиіс. 

2. Ойын автоматтары залында кемінде алпыс ойын автоматы орнатылуға тиіс.  

3. Әрбір ойын автоматы тиісті ойын жабдығына қатысты Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарға сай болуға тиіс.  

4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға ұтыстарды төлеуді жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі негізінде, өткізілетін құмар ойындардың және (немесе) бәс тігудің ережелерінде көзделген мөлшерде және мерзімде, бірақ осы құмар ойынның және (немесе) бәс тігудің нәтижелері шығарылған сәттен бастап күнтізбелік үш күннен кешіктірмей жүргізеді.  

5. Ойын автоматтарын немесе олардың бөліктерін казинодағы және ойын автоматтары залдарындағы қабырғаларға, терезе мен есiктің ойықтарына монтаждауға тыйым салынады.  

6. Ойын автоматына технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы тоқсан бес пайыздан төмен болмауға тиіс.  

7. Ойын мекемелерінің, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың кассалары мен ойын орындары жазылған ақпаратты кемінде жеті тәулік сақтауды қамтамасыз ететін және құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге барлық қатысушылардың әрекеттерін тіркейтін бейне жазу жүйелерімен жабдықталуға тиіс. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

12-бапты 7-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

8. Кассада немесе ойын бизнесін ұйымдастырушының шоттарында құмар ойынға және (немесе) бәс тігуге қатысушыға ұтысты төлеу үшін ақша жетіспеген жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушы осы Заңның 14-бабында белгіленген ережелерді ескере отырып, жетпеген сомаға міндетті резервтерді пайдалануы тиіс.  

9. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешен мен бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық арқылы жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасын қабылдауды, оның бірыңғай есебін жүргізуді, бәс тігуге қатысушылардың мөлшерлемелерін өңдеуді және ұтысты төлеуді жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге міндетті.  

10. Букмекер кеңсесінің қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы нәтижесіне бәс тігілетін оқиғаны өз бетінше айқындайды.  

11. Тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы ат спорты жарыстары (атшабыстар, ат жарыстары) және (немесе) ит жарыстыру шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға мөлшерлемелер қабылдайды. 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

12-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).

12. Букмекер кеңсесінің немесе тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің тиісті кассалары және (немесе) тотализатордың немесе букмекер кеңсесінің электрондық кассалары арқылы қабылдайды. 

13. Ойын бизнесін ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға міндетті. 

14. Букмекерлік кеңсе қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемелерді аппараттық-бағдарламалық кешен есептеген коэффициенттер негізінде және аккредиттелген спорт федерациялары өткізетін немесе халықаралық спорт ұйымдары, федерациялары, комитеттері аясында өткізілетін спорттық жарыстар шеңберінде болатын алдағы нақты оқиғаларға ғана қабылдайды. 

15. Букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар аппараттық-бағдарламалық кешенмен жабдықталуға тиіс. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы мөлшерлемені қабылдағанға дейін бәс тігуге қатысушыны тіркеуді қатысушының жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді енгізе отырып, аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүргізуге міндетті. 

16. Мыналар: 

1) экономикалық қызмет саласында жасаған қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмыстар, ауыр қылмыстар, аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе жойылмаған сотталғандығы бар адам құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға; 

2) салықтық берешегі бар немесе банкрот деп танылған заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылған тұлға құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлға ойын бизнесін ұйымдастырушы бола алмайды (заңды тұлғаның акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) тікелей және (немесе) жанама түрде иелене, пайдалана, оларға билік ете және (немесе) басқара алмайды). 

17. Осы баптың 16-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адам ойын мекемесінде басшылық лауазымға тағайындала алмайды. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.11.26 № 356-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
12-1-бап. Букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешені 

Ескерту. 12-1-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2020 № 356-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. Аппараттық-бағдарламалық кешен сервері "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген компьютерлік жүйе болып табылатын бақылау-касса машинасының фискалдық режимімен қамтамасыз етілуге тиіс. Аппараттық-бағдарламалық кешеннің сервері Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушы орналасқан жерде болуға тиіс. 

2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы бәс тігу қорытындысының нұсқаларына ұтыстардың коэффициенттерін есептеуді, қабылданған мөлшерлемелерді есепке алуды, бәс тігу нәтижелері бойынша ұтыстарды есептеуді, ұтыстарды және олар бойынша төлемдерді есепке алуды аппараттық-бағдарламалық кешен арқылы жүзеге асыруға тиіс. 

3. Аппараттық-бағдарламалық кешен букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге және уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ақпаратты жинауды және ұсынуды жүзеге асыруға тиіс. 

Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 24.04.2015 № 310-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...9 10 11 12 12‑1 ...17

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.




Добрый день! Подскажите пожалуйста, положена ли мне компенсация за неиспользованный отпуск если я не вышла на работу после декрета и меня уволили?


Банк второго уровня установил высокие процентные ставки.Я по острой необходимости подписал Договор с банком.По истечении 5-6 месяцев по состоянию здоровья и ухудшения материального положения. обратился в Правление банка по снижению %ой ставки и пересмотру условия договора.Банк по сей день мне отказывает.Что можно предпринять в отношении Правления банка с моей стороны?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться