< Ақпараттандыру туралы

Ст. 42 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
42-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілеріндегі электрондық ақпараттық ресурстарды өңдеу, сақтау және резервтiк көшiру құралдарына қойылатын мiндеттi талаптар

1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жұмыс iстеу сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн электрондық ақпараттық ресурстарды сақтау, өңдеу және беру үшiн пайдаланылатын техникалық құралдар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиiс. 

2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің меншік иесі немесе иеленушiсі, сондай-ақ оператор "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінде қамтылатын мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды сақтауды және қажет болған кезде оларды қалпына келтiрудi жүзеге асырады және мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың жоғалғаны, түрленгені немесе сақталуын өзге де қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында және тараптардың келісімінде белгiленген тәртiппен жауапты болады. 

3. Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстардың резервтiк көшiрмесiн дайындауды қамтамасыз ету "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің иеленушiсі немесе оператор үшiн мiндеттi болып табылады. 

Мемлекеттiк электрондық ақпараттық ресурстарды қамтитын резервтiк көшiрменi дайындау және сақтау тәсiлi келесi резервтiк көшiрменi дайындағанға дейiн электрондық ақпараттық ресурстардың сақталуын қамтамасыз етуге тиiс. 

Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік көшірудің мерзімділігі "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісіне арналған техникалық құжаттамада белгіленеді. 

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...41 41‑1 42 43 44 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться