Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 41 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
41-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануды тоқтату

Ескерту. 41-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

1. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес өнеркәсіптік пайдалануды тоқтатуға және "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі туралы мәліметтерді өзгертуге әкеп соғады. 

2. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін одан әрі пайдалану қажеттігінің болмауы туралы шешімді электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісі интеграцияланған "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің меншік иелерін және (немесе) иеленушілерін, сондай-ақ операторды және мемлекеттік техникалық қызметті пайдаланудың тоқтатылу тәртібі мен мерзімдері туралы хабардар ете отырып, меншік иесі немесе иеленуші қабылдайды. 

3. Есептен шығарылатын "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің электрондық ақпараттық ресурстары, техникалық құжаттамасы және бастапқы кодтары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес архивке тапсырылуға жатады. 

4. Алып тасталды - ҚР 25.06.2020 № 347-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 41-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...39‑1 40 41 41‑1 42 ...67

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться