< Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы

Ст. 42 Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 25.04.2024

Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы
42-бап. Сот орындаушысының атқарушылық iс жүргiзудiтоқтата тұру мiндетi

Атқарушылық іс жүргізу: 

1) егер құқық қатынасы құқықтық мирасқорлыққа жол берсе, өндіріп алушы қайтыс болған, өндіріп алушыны хабарсыз кетті деп тану немесе қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды ескермегенде, борышкер алдында өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшін жауапты болатын азаматтарға төленетін төлемдерді қоспағанда, сот оңалту немесе банкроттық, сондай-ақ борышкер болып табылатын заңды тұлғаны мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған немесе сот мәжбүрлеп тарату туралы шешім қабылдаған; 

2-1) сот "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе сот арқылы банкроттық рәсімін қолдану туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғаған, сондай-ақ соттан тыс банкроттық рәсімі басталған; 

3) өндіріп алушыны немесе борышкерді әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген; 

4) алып тасталды - ҚР 15.01.2014 № 164-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

5) алып тасталды – ҚР 26.06.2020 № 349-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

6) сот немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен атқарушылық құжатты беруге негіз болған сот актісінің орындалуын тоқтата тұру құқығы берілген лауазымды адам қаулы шығарған, сондай-ақ сот орындалуын белгілі бір мерзімге кейінге қалдыруды, мерзімін ұзартуды ұсынған; 

6-1) халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына жататын азаматтар Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайынан "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының 3-1-тармағына сәйкес жылыту маусымы кезеңінде мәжбүрлеп шығарылған; 

7) сотқа атқарушылық құжат бойынша өндіріп алынатын мүлікті тізімдемеден шығару туралы талап қойылған; 

8) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган қаржы нарығында қызметті жүзеге асыру лицензияларынан айыру немесе олардың қолданылуын тоқтата тұру туралы шешім немесе қаржы ұйымына консервация жүргізу жөнінде шешім қабылдаған; 

9) сот банкті, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын мәжбүрлеп тарату туралы іс қозғаған; 

9-1) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалын, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалын лицензиядан айыру туралы шешім қабылдаған; 

10) сот қаржы ұйымын қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған; 

10-1) сот бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және қаржы ұйымы болып табылмайтын ұйымды қайта құрылымдау туралы шешім қабылдаған; 

11) алып тасталды - ҚР 22.04.2015 № 308-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

11-1) атқарушылық іс жүргізуді борышкердің қатысуынсыз жүзеге асыру мүмкін болмайтын жағдайда, ол бір айдан астам мерзімге уақытша болмаған (борышкер емдеу мекемесінде, қызметтік іссапарда, елді мекеннен тысқары, оның ішінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет өткеруіне байланысты тысқары жерде болған); 

11-2) өндіріп алушы атқарушылық іс-әрекеттерді жүзеге асыру үшін қажетті соманы өндіріп алушылардың пайдасына өндіріп алынған сомаларды сақтауға арналған ағымдағы шотқа жеке сот орындаушысы белгілеген мерзімге қарай енгізбеген; 

12) өндіріп алушы жазбаша өтініш жасаған; 

13) осындай құқық берілген сот, прокуратура немесе өзге де құқық қорғау органдары атқарушылық іс жүргізуді талап еткен; 

14) егер прокурор сот орындаушысының борышкерге қатысты іздестіру жариялау туралы қаулысын санкциялаған жағдайда бір жұмыс күні ішінде тоқтатыла тұруға тиіс. 

Осы баптың бірінші бөлігінің 7) тармақшасында көзделген жағдайда оған қатысты тізімдемеден шығару (тыйым салудан босату) туралы талап қойылған мүлік бөлігінде ғана атқарушылық әрекеттер тоқтатыла тұрады. 

Осы баптың бірінші бөлігінің 12) тармақшасында көзделген жағдайда жарияланып қойылған сауда-саттықтарды жүргізу бөлігінде атқарушылық іс-әрекеттер, сондай-ақ инкассолық өкімдердің орындалуы тоқтатыла тұрмайды. 

Ескерту. 42-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.12.28 № 368-IV (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.17 № 564-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.06.2013 № 106-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.01.2014 № 164-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 270-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 22.04.2015 № 308-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 № 262-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 290-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2020 № 349-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (16.12.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 179-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...175
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться