< ҚР Әлеуметтік Кодексі

Ст. 193 ҚР Әлеуметтік Кодексі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.05.2024

ҚР Әлеуметтік Кодексі
193-бап. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібі

1. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді. 

2. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу ағымдағы ай үшін және оны алу құқығы туындаған күннен бастап арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалған шарттар сақталған кезеңге жүргізіледі. Алушы қайтыс болған жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы қайтыс болған айды қоса алғанда, ал арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушы Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда кеткен айды қоса алғанда төленеді. 

3. Мүгедектік тобы өзгерген жағдайда арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу жаңа мөлшерде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығы туындаған кезден бастап мүгедектіктің тиісті тобы үшін осы Кодексте белгіленген мөлшерде жүзеге асырылады. 

4. Егер мүгедектігі бар адам Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде қайта куәландыруға медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесіне келмесе, онда оған жәрдемақы төлеу оны қайтадан мүгедектігі бар адам деп таныған кезге дейін тоқтатыла тұрады. 

Қайта куәландыру мерзімін дәлелді себеппен өткізіп алған кезде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу, егер медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімшесі оны осы кезеңде мүгедектігі бар адам деп таныса, төлем тоқтатыла тұрған күннен бастап қайта куәландыру күніне дейін, бірақ алты айдан аспайтын уақыт үшін жүргізіледі. Бұл ретте, егер қайта куәландыру кезінде мүгедектігі бар адам мүгедектіктің басқа (неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен) тобына ауыстырылса, онда көрсетілген уақыт үшін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы бұрынғы топ бойынша төленеді.
Статья 1 ...191 192 193 194 195 ...263
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

В каких случаях начальство может заставить сотрудника полиции работать через сутки и положено ли сотрудникам полиции в таком случае компенсация




ҚРӘҚБтК-ң 230 бабының 2 бөлігі яғни сақтандыру келісім шарты "страховка", (трактор) (комбайн) шаруа қожалық көлік құралдарына міндеттелгенбе ??? Жауабын бере аласыздарма?



Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться