< ҚР Су Кодексi

Ст. 103 ҚР Су Кодексi 2003 жылғы 9 шілдедегі N 481


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.05.2024

ҚР Су Кодексi
103-бап. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiп пен жылу энергетикасы үшiн пайдалану

1. Су объектiлерiн және су шаруашылығы құрылыстарын өнеркәсiптiң және жылу энергетикасының мұқтаждары үшiн пайдалану арнайы су пайдалану тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2. Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, өнеркәсiп пен жылу энергетикасы ұйымдарының айналымдық сумен жабдықтауы болуға мiндеттi.

Салқындату мақсатында су объектілерінен немесе салқындатқыш тоғандардан сумен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын жұмыс істеп тұрған немесе реконструкцияланып жатқан жылу энергетикасы ұйымдарын қоспағанда, айналымдық сумен жабдықтауы жоқ ұйымдар бассейндік инспекцияға, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органға, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға нақты мерзiмдерiн көрсете отырып, айналымдық сумен жабдықтауға көшу жоспарын ұсынуға мiндеттi.

3. Ауыз су және минералды су санатына жатқызылмаған жер асты сулары, сондай-ақ басқа да пайдалы қазбалармен ілеспе алынған сулар (шахта, карьер, кеніш сулары) экологиялық талаптар сақтала отырып, арнайы су пайдалану шарттарымен техникалық сумен жабдықтау үшiн және басқа да өндiрiстiк мұқтаждар үшiн пайдаланылуы мүмкiн.

4. Халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға қауiп төндiретiн, басқа пайдалы қазбалармен бiрге өндiрiлген жер асты сулары мiндеттi түрде кәдеге жаратылуға тиiс.

5. Технологиялық процеске байланысты ауыз суды пайдалану көзделген кәсiпорындарды қоспағанда, басқа сападағы суды пайдалану мүмкiндiгi бола тұрып, ауыз суды өнеркәсiп үшiн пайдалануға жол берiлмейдi. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар кезiнде облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары халықтың ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждарын бiрiншi кезекте қанағаттандыруды ескере отырып, ауыз суды өнеркәсiптiк мақсаттар үшiн тұтынуға уақытша рұқсат беруге құқылы. Ауыз суды өнеркәсiптiк мұқтаждар үшiн тұтыну мерзiмдерi бассейндік инспекциямен келісу бойынша белгiленедi.

6. Уәкілетті орган, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар басталған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өнеркәсiп және жылу энергетика кәсiпорындарының су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылысжайларын пайдалануын шектеуге, тоқтата тұруға немесе оған тыйым салуға құқылы.

Ескерту. 103-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.12.20. № 13 (01.01.2005 бастап күшіне енеді), 2009.02.12. № 132-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 15.06.2015 № 322-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2017 № 126-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...101 102 103 104 105 ...146
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! 4 марта нотариусом была выдана ИН, с которой я не был ознакомлен. Тем же числом, 4 марта приказом МЮ РК действие лицензии этого нотариуса приостановлено. Является ли выданная им исполнительная надпись законной? Потому что ЧСИ списывает деньги по этой надписи, пока отмену готовит другой нотариус.



Здравствуйте, исчисляются, уплачиваются ли работодателем социальные отчисления за сотрудника-пенсионера кнб?



Здравствуйте! У меня были три командировки подряд, однако работодатель отказывается производить выплату затраченных личных денег при командировке, ссылаясь на то что сроки сдачи авансового отчёта прошли. Как теперь получить командировочные выплаты?



Сәлеметсіз бе, мен орта мектепте мұғалім қызметінде жұмыс жасаймын. Кезекті аттестациядан өтуге өтініш білдіріп, ақысыз тесттен жоспарлы түрде тапсырып, тиісті баллды жинай алмадым. енді алдыда шілде айында тапсыратын екінші мүмкіндігімде мен декреттік демалысқа шығамын. Жүктілігіме байланысты декреттік демалыстағы педагог тиісті аттестациядан өте алады ма?



Салеметсізбе, менің білгім келген сұрағым жұмыс берушімнен жұмсалған жұмыс уақытын есепке алу табелін (табель учета рабочего времени) сұрайын деп едім. Менің есебім бойынша аптасына 40 сағат емес 48 сағат жұмыс жасаймын. Бірақ артық төлем жүргізілмейтінін байқадым. Екі демалыс күні ретінде немесе 5 күн 7 сағат, сенбі күні 5 сағат істеп жүрген жоқпын. Алты күн 8 сағаттан жұмыс жасаймын. Жексенбі күнінен басқа күндердің бәрінде (Мереке күндері де) жұмыс жасаймыз. Ешқандайда сыйақы да, қосымша ақшада төленбейді. Жұмыс уақыты көрсетілген табельді қалай сұрасам болады? Үлгі көрсете аласыздар ма? Жазбаша сұрау керек деп естідім. Бірақ кімнен, қалай жазып сұрайтынымды білмей отырмын. Бугалтериядан сұрасам жазып акеліңіз өтінішіңізді деді. Үлгі көрсете алмаймын деп жауап берді. Сол үшін сіздердің көмектеріңізге жүгініп отырмын. Интернеттен ешқандай ақпарап таба алмады. Бірінші адам сияқтымын осындай сұрақ қойып отырған. Уақыт бөлгеніңіздерге алғысымды білдіремін.



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться