Ст. 110 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
110-бап. Төлемдер мен ақша аударымдарын ұлттық валютамен және шетел валютасымен жүзеге асыру
1. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер бойынша төлемдері төлеуге берілетін шоттар негізінде жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың, қаржылық қолдау операторларының, пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлердің, бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша дербес білім беру ұйымдарының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың төлемдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік мекеменің төлеуге берілетін шоты және квазимемлекеттік сектор субъектісінің, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушының, қаржылық қолдау операторларының, пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлердің, бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша дербес білім беру ұйымдарының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың төлем тапсырмасы мемлекеттік қазынашылық органы үшін ақша алушының пайдасына төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыруға негіз болып табылатын құжаттарды білдіреді.
3. Мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдары төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде, қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы немесе мемлекеттік мекемелердің шоттарындағы қалдықтар шегінде, сондай-ақ төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жоспарлы мақсаттар сомалары мен шартты тіркеу туралы хабарламаның пайдаланылмаған қалдығы шегінде жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік субсидияларды аударуы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері айқындаған рәсімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылына көрсетілген сомалар шегінде төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға немесе бюджеттік субсидияларды түпкілікті алушыларға аудару үшін қаржылық қолдау операторларының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарына жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық қолдау операторларына, пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы қаржылық-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құжат түрі негізінде, ағымдағы қаржы жылына оларда көрсетілген сомалар шегінде жүзеге асырылады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаражатты қаржылық қолдау операторларына және пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектілеріне аударуы төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының, пилоттық жобаны іске асыру (ендіру) жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің, қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлердің, бюджеттік инвестицияларды іске асыру бойынша дербес білім беру ұйымдарының, мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператордың төлемдері мен ақша аударымдары төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде, олардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
Мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылардың төлемдері мен ақша аударымдары төлемнің негізділігін растайтын құжаттар негізінде мемлекет кепілдік берген қарыз шоттарындағы және қызмет көрсету шоттарындағы қалдықтар шегінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қазынашылық органы төлемдердi жүргізу кезiндегi ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берiлетiн шоттарды:
төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге;
бірыңғай бюджет сыныптамасына;
нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкестiгiне тексеруді білдіреді.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік қазынашылық органы тауарларды беру туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісінің көшірмелерінің бар-жоғына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылысжайларды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша мемлекеттік қазынашылық органы аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде құрылысқа арналған жобалардың (техникалық-экономикалық негіздеме немесе жобалау-сметалық құжаттама) ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының бар-жоғына ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қазынашылық органы квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық қолдау операторларының төлемдерін жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды беру туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі көшірмелерінің бар-жоғына;
2) бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган куәлігінің не квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын ұлғайтуға ақша аударылған жағдайда басқару органдарының тиісті шешімінің бар-жоғына;
3) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестiгіне тексеруді білдіреді.
Мемлекеттік қазынашылық органы қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификатының және электрондық шот-фактураның бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруді білдіреді.
Мемлекеттік қазынашылық органы Арнаулы мемлекеттік қордың, тиісті саланың орталық және (немесе) жергілікті уәкілетті органының қолма-қол ақшаны бақылау шоттарынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлеуге берілетін шоттарды:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: тауарларды беру туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі көшірмесінің бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруді білдіреді.
Мемлекеттік қазынашылық органы пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі квазимемлекеттік сектор субъектісінің қолма-қол ақшаны бақылау шотынан төлемдер жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүзеге асырады, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: электрондық шот-фактураның және орындалған жұмыстардың құны туралы анықтаманың бар-жоғына;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкестігіне тексеруді білдіреді.
4. Жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілесіз мемлекеттік мекемелердің төлемдері мен ақша аударымдарын жүргізуге жол берілмейді.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің, оның ішінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу міндетті болып табылатын шығыстар түрлерінің тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Бюджеттік операцияларды жүргізу кезінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.
Бюджеттік операцияларды жүргізу кезінде төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
5. Мемлекеттік мекемелер, мемлекет кепілдік берген қарызды тартқан қарыз алушылар төлемдер мен ақша аударымдарын валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен Қазақстан Республикасы бейрезиденттерінің пайдасына шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүргізу арқылы жүзеге асырады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасын айырбастау немесе қайта айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен айқындалған, айырбасталатын немесе қайта айырбасталатын күнгі валюта айырбастаудың ресми бағамы бойынша жүзеге асырылады.
Валюталардың түрлері бойынша шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің шотына немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотынан айырбасталған шетел валютасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және мерзімдерде мақсаты бойынша пайдаланылуға тиіс.
Пайдаланылмаған не толық пайдаланылмаған шетел валютасы мемлекеттік мекеме шығыстарының бюджеттік сыныптамасының кодына немесе шетел валютасын айырбастау жүзеге асырылған квазимемлекеттік сектор субъектісінің шотына ұлттық валютадағы сома кейіннен қалпына келтіріле отырып, көрсетілген мерзім өткен соң қайта айырбасталуға тиіс.
Бюджеттік операцияларды жүргізу кезінде төлемдер мен ақша аударымдарын шетел валютасымен жүзеге асыру тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 55-бап. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің бюджеттен тыс қызметі ҚР Бюджет кодексi 162-бап. Бюджеттік кредиттерді мониторингтеу және есепке алу ҚР Бюджет кодексi 57-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры туралы жалпы ережелер ҚР Бюджет кодексi 12-бап. Бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасы ҚР Бюджет кодексi 24-бап. Республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне түсетін түсімдерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей