Ст. 147-1 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
147-1-бап. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер
1. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер – "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша тапсырыс беруші қабылдаған және орындамаған қаржылық міндеттемелердің белгілі бір күніне тапсырыс берушінің және өнім берушінің бюджеттен бөлінген сома бойынша, Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдауы Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылдайтын мемлекеттік міндеттемелердің көлемдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің және тиісті жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерімен шектеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің лимиттерін айқындау әдістемесін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
3. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау Республикалық бюджет комиссиясы немесе жергілікті атқарушы органның бюджет комиссиясы мақұлдаған "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттарға қол қою арқылы жүзеге асырылады.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік қазынашылық немесе мемлекеттік қазынашылық органдары оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер "толық бітіріп берілетін" әрбір жеке құрылыс жобасы бойынша шартта белгіленген сомалар мен мерзімдер шегінде ғана тіркелуге жатады және олар тиісті бюджет комиссиясының шешіміне немесе мәслихаттың шешіміне сәйкес мемлекет міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.
"Толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарт сомасы мемлекеттің міндеттемелерін ұлғайту жағына қарай қайта қаралмайды.
4. Мемлекеттік қазынашылық бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелердің орындалуын есепке алуды жүзеге асырады.
5. Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің мониторингін жүзеге асырады.
6. Мемлекеттік қазынашылық және мемлекеттік қазынашылық органдары "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелер туралы есептерді қалыптастырады және оларды осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялауды жүзеге асыратын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.
7. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдар бір-бірінің "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
8. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы жасалған шарттар бойынша "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер толық төленген кезде орындалған болып есептеледі.
Ескерту. 28-тарау 147-1-баппен толықтырылды – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей