Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 148 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
148-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалар туралы жалпы ережелер

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларын, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму және (немесе) іс-шаралар жоспарларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. 

Даму жоспарларын әзірлемейтін мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын жоспарлау Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінің нормаларын орындау және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады. 

2. Мемлекеттік инвестициялық жобалар мынадай түрлерге бөлінеді: 

1) бюджеттік инвестициялар; 

2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары; 

3) мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыздар есебінен квазимемлекеттік сектор субъектілері іске асыратын жобалар; 

4) осы Кодекстің 59-бабының 3-тармағына сәйкес бюджеттен тыс қор, Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобалар; 

5) бюджеттік кредиттеу; 

6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары. 

Бюджеттік инвестициялар – бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға, дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарына, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуына бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру. 

Бюджеттік инвестициялық жоба – белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар, жаңа объектілерді құруға (салуға) не бұрыннан бар объектілерді реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.  

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарына бағытталған бюджеттік инвестициялар – дербес білім беру ұйымдарының жаңа инфрақұрылым объектілерін құруға (салуға) не бұрыннан бар объектілерін реконструкциялауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы.  

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталдарына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар – жарғылық капиталын қалыптастыру және (немесе) ұлғайту арқылы квазимемлекеттік сектор субъектісінің даму мақсаттарына бағытталған іс-шараларды іске асыру. 

3. Мемлекеттік инвестициялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді. 

Республикалық және жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау өлшемшарттары: 

1) мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асыру нәтижесінде алынған мүлікке туындайтын меншік (республикалық немесе коммуналдық) құқығына қарай республикалық немесе жергілікті ретіндегі меншік түрі бойынша өлшемшарт; 

2) егер экономикалық пайда алушылар екі және одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болса – республикалық ретіндегі және егер экономикалық пайда алушылар бір облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектілері болса – жергілікті ретіндегі пайда алушылар бойынша өлшемшарт. 

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды республикалық ретінде айқындау үшін олардың көрсетілген өлшемшарттардың біріне сәйкес болуы жеткілікті. 

Жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) деп сыныптау осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады. 

4. Мемлекеттік инвестициялық жобалар: 

1) техникалық жағынан күрделі және (немесе) бірегей және техникалық жағынан күрделі емес және (немесе) үлгілік болуы мүмкін объектілерді құруға (салуға) және реконструкциялауға, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға; 

2) заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы, мемлекеттік инвестициялық саясаттың іске асырылуын бюджеттік кредиттеу, квазимемлекеттік сектор субъектісіне мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз арқылы, жаңа өндірістер құруды, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуді және (немесе) жаңартуды қоса алғанда, саланы (салаларды) институционалдық тұрғыдан дамытуға бағытталуы мүмкін.  

5. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру тәсілдері: 

1) бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыру, оның ішінде мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражаты және республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды қоса қаржыландыру есебінен қаржыландыру; 

2) бюджеттік кредиттеу; 

3) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы; 

4) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау; 

5) квазимемлекеттік сектор субъектілерінің мемлекеттік кепілдікпен мемлекеттік емес қарыз тартуы; 

6) "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қаржыландыру және орындау.  

6. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері мыналар болып табылады: 

1) республикалық және жергілікті бюджеттер; 

2) үкіметтік қарыз, жергілікті атқарушы органдардың қарыздары және квазимемлекеттік сектор субъектісіне мемлекеттік кепілдікпен берілген мемлекеттік емес қарыз; 

3) бюджеттен тыс қор;  

4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры. 

7. Егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, инвестициялық ұсыныс мемлекеттік инвестициялық жобаны жоспарлауға негіз болып табылады. 

Инвестициялық ұсыныс – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру шеңберінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың орындылығын негіздейтін, тиісті іс-шаралар жиынтығын қоса алғанда, инвестициялау мақсатын, оған қол жеткізу жолдары мен қаржыландырудың ықтимал тәсілдерін көрсететін, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері әзірлейтін тұжырымдамалық ұсыныс. 

8. Мемлекеттік орган инвестициялық жоспарды әзірлейді, ол: 

даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік органның даму жоспарына; 

мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлемейтін мемлекеттік органның бюджеттік бағдарламаларының паспорттарына қоса беріледі. 

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарын әзірлейді, ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспарына қоса беріледі. 

Инвестициялық жоспар: 

даму жоспарын әзірлейтін мемлекеттік орган және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдары үшін – мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың даму жоспары; 

даму жоспарын әзірлемейтін мемлекеттік орган үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары немесе функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде әзірленеді. 

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспары даму жоспарының нысаналы индикаторына қол жеткізуге бағытталған іс-шаралар туралы мынадай ақпаратты қамтиды: 

жоба қол жеткізуге бағытталған, даму жоспарының немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжатының нысаналы индикаторы (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін) не тиісті функцияның, өкілеттіктер мен құзыреттердің атауы (мемлекеттік органның даму жоспарларын әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін); 

шығыстарға шолу нәтижелері; 

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бөлінісінде (орталық мемлекеттік органдар үшін), облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрамына кіретін әкімшілік-аумақтық бірліктер бөлінісінде (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана үшін) әрбір нысаналы индикатор бойынша жасалатын нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін басым және проблемалық аймақтар картасы; 

мемлекеттік инвестициялық жобалар құжаттамасының экономикалық сараптамасына негізделген, мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудан күтілетін экономикалық әсердің болжамды көрсеткіштерін көрсете отырып, мемлекеттік инвестициялық жобалардың болжамды тізбесі. 

Осы баптың мақсаттары үшін, белгілі бір нысаналы индикаторға қол жеткізу үшін бір немесе бірнеше мемлекеттік инвестициялық жобаны іске асыруды қамтитын іс-шаралар кешені жоба болып табылады. 

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарына: 

алдыңғы қаржы жылдарында басталған (жалғасатын) мемлекеттік инвестициялық жобалар; 

аса маңызды объектілер; 

жалпы ел үшін маңызы бар жобалар; 

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып жүзеге асырылатын жаңа объектілер құрылысы басым тәртіппен қосылады. 

Аса маңызды объектілерге: 

1) қызметін авариялық тоқтату жаһандық немесе өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайлардың туындауына әкелуі мүмкін объектілер; 

2) ұзақ мерзімді перспективада экономикалық өсу орталықтарының әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін жалпымемлекеттік инфрақұрылым объектілері жатады. 

Жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға: 

1) кемінде екі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың экономикалық тұрғыдан дамуын қамтамасыз ететін объектілер;  

2) белгілі бір саладағы біртекті жобаларды ел ауқымында біржолғы іске асыру жолымен міндеттерді белгіленген мерзімдерде шешуге бағытталған объектілер жатады. 

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган объектілерді аса маңызды объектілерге және жалпы ел үшін маңызы бар жобаларға жатқызу тәртібін айқындайды.  

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарында мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарларының нысаналы индикаторларына қол жеткізуге байланысты бюджеттік даму бағдарламаларын (кіші бағдарламаларын) іске асыруға, күрделі шығыстарды, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар көрсетіледі. 

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспарын әзірлеу кезінде елді мекендер үшін ең төмен стандарттар мен өңірлік стандарттар жүйесі ескеріледі және жобалық басқару қолданылады. 

Мемлекеттік органның немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың инвестициялық жоспары: 

бюджет процесінде, оның ішінде мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлауға басымдық беру бойынша әкімшілік және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін қолданылады; 

мемлекеттік инвестициялық жобаларды, тиісті құжаттаманы әзірлеуге және сараптамалар жүргізуге негіз болып табылады; 

осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жарияланады. 

Мемлекеттік органның инвестициялық жоспары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және нысан бойынша әзірленеді. 

9. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың мемлекеттік инвестициялық жобаларын, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған жобаларды қоспағанда, мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

10. Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджеттік инвестицияларын жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар айқындайды.  

11. Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды жоспарлау және іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша дербес білім беру ұйымдарының басқару органы айқындайды. 

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мен дербес білім беру ұйымдары арасында азаматтық-құқықтық мәміле жасасу жолымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады. 

Дербес білім беру ұйымдарының инвестициялық шығындарын қаржыландыруға бағытталған бюджеттік инвестицияларды іске асыру кезінде мемлекеттің дербес білім беру ұйымдарының мүлкіне мүліктік құқықтары болмайды. 

12. "Толық бітіріп берілетін" құрылыс жобалары бойынша мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік саясат жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

Ескерту. 148-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...147 147‑1 148 149 150 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться