Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 149 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
149-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау

1. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау төрт кезеңде жүзеге асырылады: 

1) инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу және сараптама жүргізу; 

2) мемлекеттік инвестициялық жобаның өзіндік ерекшелігіне қарай құжаттамалар әзірлеу және мынадай: 

кейіннен техникалық-экономикалық негіздеме және (немесе) жобалау-сметалық құжаттама әзірлене отырып, инвестициялық ұсыныс әзірленетін бюджеттік инвестициялық жоба; 

Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес техникалық тапсырма әзірленетін, ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін бюджеттік инвестициялық жоба; 

Қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздемелер әзірленетін, тартылған үкіметтік қарыздар есебінен қаржыландырылатын жобалар; 

осы Кодекске сәйкес қаржылық-экономикалық негіздемелер әзірленетін, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялар, қаржы агенттіктерінің мемлекеттік инвестициялық саясатты іске асыруын бюджеттік кредиттеу, мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыз бойынша сараптамалар жүргізу;  

Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар тізбесіне құрылыс жобасын жатқызу жағдайын қоспағанда, "толық бітіріп берілетін" құрылыс жобасы бойынша инвестициялық ұсыныс және техникалық-экономикалық негіздеме әзірленеді. Қажет болған кезде тапсырыс беруші техникалық-экономикалық негіздеменің орнына техникалық тапсырма әзірлейді және "толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құнын бекітеді; 

3) мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру; 

4) бюджетті жоспарлау сатысында мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау. 

Жаңа объектілерді салуға инвестициялық ұсынысты әзірлеу Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес қалыптастырылатын құрылыс жобаларының мемлекеттік банкінен техникалық-экономикалық негіздемелерді, үлгілік жобаларды және жобалық (жобалау-сметалық) құжаттаманы қолдана отырып жүзеге асырылады. 

1-1. Техникалық жағынан күрделі емес, құрылысы үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайта қолдану жобалары бойынша болжанатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу талап етілмейді. 

Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін жобалардың тізбесін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

1-2. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу және "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы шарттар жасасу үшін жобалау алдындағы кезеңде айқындалатын құрылыс жобасын іске асыру құны. "Толық бітіріп берілетін" құрылыстың есептік құны ғимараттар мен құрылысжайларды салу құнының объектілердің қуат көрсеткішінің өлшем бірлігіне шаққандағы ірілендірілген көрсеткіштері, желілік құрылысжайдың ұзақтығы және ғимараттың, құрылысжайдың функционалдық мақсаты ескерілетін басқа да техникалық сипаттамалар пайдаланылып айқындалады. Қажет болған кезде ғимараттардың (құрылысжайлардың) конструкциялық элементтері мен жұмыс түрлері (кешендері) құнының ірілендірілген көрсеткіштері (оның ішінде ұқсас объектілердің жобалау-сметалық құжаттамасы негізінде құнның ірілендірілген көрсеткіштері) қолданылады. 

2. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытынды дайындайды, мемлекеттік инвестициялық жобаға экономикалық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді.  

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптамаға Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган айқындаған заңды тұлғаны тартады. 

3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптамалар негізінде, орталық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджет қаражаты немесе болашақта республикалық бюджеттің шығыстарына әкелетін мемлекеттің міндеттері мен функцияларын қаржыландырудың басқа да көздері есебінен іске асыратын мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелін қалыптастырады. 

Мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелі экономика салалары бөлінісінде қалыптастырылады және: 

міндетті түрде мемлекеттік инвестициялық жобаның тиімділік көрсеткіштерін және мемлекеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылатындығы мен тиімділігі туралы шешімдер қабылдауға қажетті басқа да мәліметтерді қамтиды; 

жариялануға жатады.  

Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган жалпы ішкі өнім көлеміне салымның болжамды үлесін, бюджет түсімдерінің болжамды өсімін, салаға инвестициялардың болжамды өсімін және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басқа да параметрлерін айқындау жолымен мемлекеттік инвестициялық жобалар портфеліне енгізілген салалық мемлекеттік инвестициялық жобалардың экономиканың дамуына ықтимал әсерін талдауды жүзеге асырады. 

4. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы баптың 3-тармағына сәйкес қалыптастырылатын мемлекеттік инвестициялық жобалардың портфелі негізінде республикалық бюджет жобасына енгізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындауды жүзеге асырады. 

Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджет жобасына енгізу үшін мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындауды жүзеге асырады. 

5. Бюджет жобасына мемлекеттік инвестициялық жобаларды енгізу үшін: 

мемлекеттік органның инвестициялық жоспарының құрамында жобалардың; 

мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына оң экономикалық қорытындының; 

егер Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген "толық бітіріп берілетін" құрылыс туралы ережелерде өзгеше көзделмесе, мемлекеттік инвестициялық жобаның құжаттамасына экономикалық сараптаманың оң қорытындысының; 

тиісті бюджет комиссиясының оң ұсынысының болуы негіз болып табылады. 

6. Мынадай: 

инвестициялық жоспарға енгізілмеген; 

республикалық немесе жергілікті бюджетке енгізілмеген мемлекеттік инвестициялық жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге жол берілмейді. 

7. Астананың көлік инфрақұрылымы объектілерін басқару функцияларын жүзеге асыратын квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайту осы Кодекстің 27-тарауында белгіленген шоғырландырылған қаржылық есептілікке сәйкес қарыздарға қызмет көрсетуге және өтеуге арналған шығыстар ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

8. Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс: 

мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың басталуы, қаржыландыру мерзімдері мен көлемдері, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мерзімдері және оның көлемдері белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген қаржыландыру мерзімдері мен көлемдеріне сәйкес келуге тиіс; 

іске асырылу мерзімі бір жылдан асатын мемлекеттік инвестициялық жобаларды іске асырудың бірінші жылында бюджет жобасына енгізілетін қаржыландыру көлемі белгіленген тәртіппен бекітілген құжаттамада көрсетілген оның құнының үштен бірінен төмен болмауға тиіс; 

құрылыс қызметі Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

9. Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын, техникалық-экономикалық негіздемесін, қаржылық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру және мемлекеттік инвестициялық жобаларды айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік инвестициялық жобалар саласында бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. 

10. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ақпараттандыру объектілерін құруды және дамытуды көздейтін мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мен іске асыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

11. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

12. Мемлекеттік инвестициялық жобаларға экономикалық сараптаманы жүзеге асыруға айқындалған заңды тұлғалар осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады және мемлекеттік инвестициялық жобаларға жүргізілген экономикалық сараптамаларының нәтижелері бойынша ақпаратты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жариялау үшін жібереді. 

Ескерту. 149-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 17.07.2025 № 213-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...147‑1 148 149 150 151 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться