Ст. 150 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
150-бап. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету
1. Мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету тәртібін: инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық негіздемені және қаржылық-экономикалық негіздемені түзетуге байланысты бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган;
жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге байланысты сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган;
ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту жобалары бойынша техникалық тапсырманы түзетуге байланысты бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
2. Техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған үлгілік жобада көзделмеген қосымша құрамдастарды енгізуге байланысты жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін ұлғайту тиісті жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Техникалық-экономикалық негіздемені немесе жобалау-сметалық құжаттаманы түзетуге немесе оған қосымша құрамдастарды енгізуге байланысты, аса маңызды объектілерді немесе жалпы ел үшін маңызы бар жобаларды іске асыруға бағытталған жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін ұлғайтуды Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша республикалық бюджет есебінен қаржыландыруға жол беріледі.
Егер жергілікті мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерінің сомасын азайту ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасынан аванстық (алдын ала) төлемнің отыз пайыздық мәнінен асып кетуді көздесе, мұндай азайтуға жол берілмейді.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзетуге жол берілмейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу ҚР Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы 172-бап. Адамның ағзаларын (ағзаларының бөліктерін) және (немесе) тіндерін, гемопоэздік дің жасушаларын, сүйек кемігін әкелу, әкету үшін негізде... О Прокуратуре Статья 2. Правовые основы деятельности прокуратуры Аралық соттар туралы 25-бап. Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 629-5-бап. Бұйрықтық іс жүргізу тәртібіндегі айыптау үкімінің құрылымы мен мазмұныРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей