Ст. 167 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
167-бап. Байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу және бағалау
1. Байланысты гранттардың пайдаланылуын мониторингтеу:
1) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты жинауын және өңдеуін;
2) орталық мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептерді – бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайларда, ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті органға ұсынуын көздейді.
2. Есептілікті ұсыну тәртібін, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган, сондай-ақ осы Кодексте көзделген жағдайлар үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалауды бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган мен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
4. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды бағалау нәтижелеріне негізделген оларды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.
5. Байланысты гранттарды пайдалану туралы жиынтық есеп және байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау нәтижелері осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады.
8-БӨЛІМ. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 32-тарау. ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей