Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 168 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
168-бап. 2025 қаржы жылында республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару, нақтылау, секвестрлеу және түзету ерекшеліктері

1. 2025 қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттер бюджет құрылымы бойынша жұмыс істейді, ол мынадай бөлімдерден тұрады: 

1) кірістер: 

салықтық түсімдер; 

салықтық емес түсімдер; 

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер; 

трансферттер түсімі; 

2) шығындар; 

3) таза бюджеттік кредиттеу: 

бюджеттік кредиттер; 

бюджеттік кредиттерді өтеу; 

4) қаржылық активтермен жасалатын операциялар бойынша сальдо: 

қаржылық активтерді сатып алу; 

мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер; 

5) бюджет тапшылығы (профициті); 

6) бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті); 

7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану): 

қарыздар түсімі; 

қарыздарды өтеу; 

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары. 

2. Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу сомалары, мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер, қарыздар бюджет түсімдері болып табылады. 

Салықтық, салықтық емес түсімдер, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер, трансферттік түсімдер бюджет кірістері болып табылады. 

Нысаналы трансферттерді қоспағанда, кірістер нысаналы мақсатқа ие болмайды. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. 

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес белгіленген кедендік баждар, кедендік алымдар, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа сәйкес белгіленген арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары салықтық түсімдер болып табылады. 

Алдағы кедендік баждарды, кедендік алымдарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер де салықтық түсімдерге жатады. 

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтын, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарымсыз төлемдер, шетелдіктер үшін туристік жарналар, сондай-ақ трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша салықтық емес түсімдер болып табылады. 

Бюджетке: 

1) мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан;  

2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан; 

3) мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден не оларды Қазақстан Республикасының заңдарында немесе халықаралық шарттарда көзделген тәртіппен өзге де тәсілмен өткізуден; 

4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

Трансферттер түсімдері бюджеттің бір деңгейінен басқасына, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады. 

Бюджеттен алынған кредиттер бойынша негізгі борышты қайтаруға, сондай-ақ заңды тұлғалардың төленген мемлекеттік кепілдіктер, экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер бойынша талаптарды орындауына байланысты бюджетке түсетін түсімдер бюджеттік кредиттерді өтеу сомалары болып табылады. 

Заңды тұлғалардың, оның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік меншіктегі қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан бюджетке түсетін түсімдер мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығаруға және (немесе) қарыз шарттарын жасасуға байланысты бюджетке ақша түсімдері қарыздар болып табылады. 

3. Мыналар республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады: 

1) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін корпоративтік табыс салығы. 

Осы тармақшаның бірінші абзацында көзделген ірі кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі алдыңғы жылдың 1 мамырынан кешіктірілмей бекітіледі және жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заңның қолданылуы кезеңінде өзгертілуге жатпайды. 

2) қосылған құн салығы, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерге және Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы; 

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын тауарларға акциздер; 

4) ойын бизнесі салығы; 

5) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, үстеме пайда салығы; 

6) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, бонустар; 

7) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; 

8) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортқа рента салығы; 

9) мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының жасалған келісімшарттар бойынша өнімді бөлу жөніндегі үлесі; 

10) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі; 

11) автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағымен жүрiп өткенi үшiн алым; 

12) телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат бергені үшін алым; 

13) теле-, радиоарнаны, мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қойғаны үшін алым; 

14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

15) қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін төлемақы;  

16) радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

17) цифрлық майнинг үшін төлемақы; 

18) әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары; 

19) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес төленетін кедендік алымдар; 

20) ішкі нарықты қорғау шараларын қолдануға байланысты төленетін арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары; 

21) осы тармақтың бірінші бөлігінің 18), 19) және 20) тармақшаларында санамаланған алдағы төлемдерді, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына импортталатын тауарларға қосылған құн салығы мен акциздерді төлеу есебіне Еуразиялық экономикалық одақтың және Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес енгізілетін аванстық төлемдер; 

22) консулдық алым; 

23) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартқа сәйкес, Қазақстан Республикасында жасалған ресми құжаттарға Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың апостиль қойғаны үшін мемлекеттік баж; 

24) ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

25) банк және сақтандыру нарықтарына қатысушылар үшін рұқсат беру құжаттарын, келісім бергені үшін алым; 

26) көмірсутектер саласындағы жекелеген кіші қызмет түрлерімен айналысу құқығына байланысты лицензияны бергені үшін лицензиялық алым; 

27) "Астана" халықаралық қаржы орталығының инвестициялық резиденті болып табылатын шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның резиденттігін растайтын құжатты бергені үшін алым. 

Мыналар республикалық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) республикалық меншіктен түсетін кірістер: 

республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері; 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза кірісі бөлігінің түсімдері; 

республикалық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер; 

республикалық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер; 

республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер; 

екінші деңгейдегі банктердегі шоттарда мемлекеттік сыртқы қарыздардың қаражатын орналастырғаны үшін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері бойынша және бірыңғай қазынашылық шоттағы ақшаның күн сайынғы қалдығына сыйақылар; 

республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер; 

республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер; 

2) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер; 

3) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) мұнай секторының ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 

5) мүлікті жария еткені үшін алым; 

6) мұнай секторының ұйымдарынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына және Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер. 

Мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша негізгі капиталды сатудан республикалық бюджетке түсетін түсімдер болып табылады. 

Мыналар республикалық бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады: 

1) облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінен түсетін трансферттер; 

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдендірілген трансферт; 

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін нысаналы трансферт. 

Республикалық бюджеттен берілген кредиттерді, үкіметтік қарыздарды өтеуден түсетін түсімдер республикалық бюджетке есепке жатқызылады. 

4. Мыналар облыстық бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 

1) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 

2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың елу пайызынан аспайтын мөлшерде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы; 

3) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 

4) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы; 

5) жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

6) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

7) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым; 

8) өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

9) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

10) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем. 

Мыналар облыстық бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

облыстық әкімдіктің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері; 

облыстық коммуналдық меншіктегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер; 

облыстық коммуналдық меншіктегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер; 

облыстық коммуналдық меншіктің мүлкін жалға беруден түсетін түсімдер; 

облыстық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар; 

облыстық коммуналдық меншіктен түсетін басқа да кірістер; 

2) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер; 

3) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 

5) жер қойнауын пайдаланушылардың облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары; 

6) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер операторларынан түсетін түсімдер; 

7) мұнай секторының ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 

8) облыстық бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер. 

Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша облыстық бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады. 

Мыналар облыстық бюджетке түсетін трансферттер түсімдері болып табылады: 

1) аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден түсетін трансферттер; 

2) республикалық бюджеттен түсетін трансферттер. 

Облыстық бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, облыстық коммуналдық меншіктегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түсімдер облыстық бюджетке есепке жатқызылады. 

5. Мыналар республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 

1) жеке табыс салығы; 

2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, корпоративтік табыс салығы; 

3) әлеуметтік салық; 

4) жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің мүлкіне салынатын салық; 

5) жер салығы; 

6) бірыңғай жер салығы; 

7) көлік құралы салығы; 

8) мыналарға салынатын акциздер: 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; 

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа); 

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға; 

9) жерүсті су көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; 

10) орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

11) қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін төлемақы; 

12) жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

13) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

14) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым); 

15) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

16) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

17) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж; 

18) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

19) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

20) сыртқы (көрнекі) жарнаманы республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырғаны үшін төлемақы; 

21) Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатты бергені немесе ұзартқаны үшін алым; 

22) тарихи шығындарды өтеу бойынша төлем. 

Мыналар республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

республикалық маңызы бар қала, астана әкімдіктерінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінен түсетін түсімдер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

уақытша бос бюджет ақшасын депозиттерге орналастырудан алынған сыйақылар; 

республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер; 

2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер; 

3) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 

5) өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға жер қойнауын пайдаланушылардың аударымдары; 

6) шетелдіктер үшін туристік жарналар; 

7) мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектілер операторларынан түсетін түсімдер; 

8) мұнай секторының ұйымдарынан және салық салу саласындағы құқық бұзушылықтардан түсетін түсімдерді қоспағанда, сот орындаушылары, сот приставтары және сот төрағасы немесе сот отырысында төрағалық етуші уәкілеттік берген соттардың басқа да қызметкерлері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар; 

9) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер. 

Мыналар республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 

1) республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы. 

Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады. 

Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен берілген кредиттерді өтеуден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының қарыздарынан түсетін түсімдер республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің есебіне жатқызылады. 

6. Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 

1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген: 

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері; 

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығын қоспағанда, облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша жеке табыс салығы; 

2) бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша ірі кәсіпкерлік субъектілерінен түсетін түсімдерді және мұнай секторының ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, келіп түскен салықтық аударымдардың кемінде елу пайызы мөлшерінде облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша корпоративтік табыс салығы; 

3) облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша әлеуметтік салық; 

4) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын қоспағанда, жеке және заңды тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығы; 

5) жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендердің жерлерiне және аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелеріне салынатын жер салығын қоспағанда, жер салығы; 

6) мыналардан: 

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан; 

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығын қоспағанда, көлік құралы салығы; 

7) мыналарға салынатын акциздер: 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген спирттің барлық түріне;  

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген алкоголь өніміне; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыраға; 

Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген темекі бұйымдарына; 

Қазақстан Республикасының аумағында жасалған жеңіл автомобильдерге (мүгедектігі бар адамдарға арнайы жасалған қолмен басқарылатын немесе қолмен басқаруға бейімделген автомобильдерден басқа); 

бензинге (авиациялық бензинді қоспағанда), дизель отынына, газохолға, бензанолға, мұнай еріткішке, жеңіл көмірсутектер қоспаларына және экологиялық отынға; 

8) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

9) жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға арналған лицензияларды бергені үшін алым); 

10) жекелеген қызмет түрлерiмен айналысуға арналған лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы; 

11) коммерциялық ұйымдарды қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкілдіктерін мемлекеттік (есептік) тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

12) көлік құралдарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшін алым; 

13) жылжымалы мүлік кепілін және кеменің ипотекасын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ әуе кемесін тіркеуден алып тастауға және әкетуге кері қайтарып алынбайтын өкілеттікті мемлекеттік тіркегені үшін алым; 

14) сыртқы (көрнекі) жарнаманы облыстық маңызы бар қаладағы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық маңызы бар қаланың аумағы арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырғаны үшін төлемақы; 

15) республикалық бюджетке есепке жатқызылатын консулдық алымнан және мемлекеттік баждардан басқа, мемлекеттік баж. 

Бірыңғай жер салығы облыстық маңызы бар қаланың бюджетіне түсетін салықтық түсім болып табылады. 

Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) коммуналдық меншіктен түсетін кірістер: 

аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің шешімі бойынша құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері; 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакеттеріне төленетін дивидендтер; 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер; 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің басқаруындағы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістерді қоспағанда, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; 

аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар; 

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігінен түсетін басқа да кірістер; 

2) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер; 

3) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуды өткізуден түсетін ақша түсімдері; 

4) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері салатын айыппұлдарды қоспағанда, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар; 

5) жер қойнауын пайдаланушылардың облыстық мәслихат белгілеген кірістерді бөлу нормативтері бойынша өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытуға және оның инфрақұрылымын дамытуға аударымдары; 

6) шетелдіктер үшін туристік жарналар; 

7) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер. 

Мыналар аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 

1) аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін немесе аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент аумағындағы жер учаскелерін қоспағанда, жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы. 

Облыстық бюджеттен және аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен берілетін трансферттер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады. 

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілген кредиттерді өтеуден, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық меншігіндегі мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қарыздарынан түсетін түсімдер аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттің есебіне жатқызылады. 

7. Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін салықтық түсімдер болып табылады: 

1) мемлекеттік кірістер органында тіркеу есебіне қою кезінде мәлімделген: 

дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіпқой медиатор үшін – тұрған жері; 

қалған жеке тұлғалар үшін – тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан жеке тұлғалар дербес салық салуға жататын кірістер бойынша жеке табыс салығы; 

2) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағындағы осы салықты салу объектілері бойынша жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығы; 

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жер учаскелері бойынша жеке және заңды тұлғалардан алынатын, елдi мекендер жерлерiне салынатын жер салығы; 

4) бірыңғай жер салығы; 

5) мыналардан: 

тұрғылықты жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағындағы жеке тұлғалардан; 

өздерінің құрылтай құжаттарында көрсетілетін тұрған жері аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің аумағында орналасқан заңды тұлғалардан алынатын көлік құралы салығы;  

6) жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы; 

7) сыртқы (көрнекі) жарнаманы: 

аудандық маңызы бар қаладағы, ауылдағы, кенттегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумақтары арқылы өтетін жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде; 

елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнен тыс жерде орналастырғаны үшін төлемақы. 

Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін салықтық емес түсімдер болып табылады: 

1) аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салатын айыппұлдар; 

2) жеке және заңды тұлғалардың ерікті түрдегі алымдары; 

3) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін кірістер: 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының шешімімен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісі бөлігінің түсімдері; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) заңды тұлғаларға қатысу үлесіне төленетін кірістер; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінің (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінің) мүлкін жалға беруден түсетін кірістер; 

аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің коммуналдық меншігінен (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігінен) түсетін басқа да кірістер; 

4) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне түсетін басқа да салықтық емес түсімдер. 

Мыналар аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттеріне негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады: 

1) аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің бюджеттерінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша; 

2) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерді қоспағанда, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер; 

3) жер учаскелерін жалға беру құқығын сатқаны үшін төлемақы. 

Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен берілетін трансферттер аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеттеріне түсетін трансферттердің түсімдері болып табылады. 

8. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді. 

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік органдардың даму жоспарларын әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу бойынша бекітілетін бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді. 

Жоғары тұрған бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісімен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді (қайта бекітеді). 

Республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын бекiтiлген (қайта бекітілген) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарының назарына жеткізеді. 

Аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттерді беруге бағытталған бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын бекiтiлген (қайта бекітілген) күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді. 

Бюджеттік бағдарламалар бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемі мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу бойынша қайта бекітіледі. 

Бюджеттік бағдарламаларға осы Кодексте айқындалған жағдайларда және тәртіппен өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. 

9. Бюджеттік өтінім шығыстар көлемін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі жасайтын құжаттардың жиынтығын білдіреді. 

Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамаларға арналған шығыстар болып бөлінеді. 

Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделi шығыстар, сондай-ақ басталған (жалғасатын) бюджеттiк инвестицияларға және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi орындауға арналған шығыстар базалық шығыстар болып табылады. 

Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтерді көрсетуге, трансферттерді төлеуге және мемлекеттің басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады. 

Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға: 

кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына сәйкес жалпыұлттық басымдықтардың жаңа бағыттарын іске асыруға; 

макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бұрыннан бар бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады. 

Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйымға нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік өтінімге есеп-қисаптар мен негіздемелерді Қазақстан Республикасының Үкіметі мен республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады. 

10. Дербес бiлiм беру ұйымдарының қызметiне және (немесе) қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйымға тек қана дербес бiлiм беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының қызметiн қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн бюджеттен төленетiн өтеусiз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы салым болып табылады. 

Нысаналы салым Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған мақсаттарға бағытталады. 

Дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдары және қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті тоқсан сайын қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне ұсынады. 

Нысаналы салымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы салымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайды. 

Нысаналы салымды пайдалану туралы ақпарат жариялануға жатады. 

11. Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымға республикалық бюджеттен төленетін, тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз етуге және қаржыландыруға арналған өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы аударым болып табылады. 

Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйым тек қана ұзақ мерзімді активтерді сатып алу, органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты қамтитын нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті тоқсан сайын қалыптастырады және бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне ұсынады. 

Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы аударымды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері – орталық салалық мемлекеттік органдар айқындайды. 

Нысаналы аударымның пайдаланылуы туралы ақпарат республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына енгізіледі және жариялануға жатады. 

Халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайды қамтамасыз ететін коммерциялық емес ұйымның басшысы тек қана органдар мен олардың ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету және қаржыландыру үшін, дербес білім беру ұйымдары мен олардың ұйымдарының басшылары және қордың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын коммерциялық емес ұйым:  

мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында, сондай-ақ дербес білім беру ұйымдарының ұзақ мерзімді даму стратегияларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу;  

бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анық болуы, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) ұсынудың толық әрі уақтылы болуы; 

бюджет қаражаттарының пайдаланылуы туралы есептердің негізділігі мен анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

12. Республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына: 

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтердің көрсетілгеніне ақы төлеу үшін; 

2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде; 

3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу үшін берілетін өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер нысаналы жарна болып табылады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның даму жоспарында айқындалған нысаналы жарна нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді. 

Нысаналы жарнаны салуға бағытталған бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландыру бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептерді қалыптастырады.  

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган нысаналы жарнаның пайдаланылуы туралы есептілікті жасау тәртібін, оны ұсыну нысандары мен мерзімдерін, сондай-ақ нысаналы жарнаны пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайды. 

Нысаналы жарнаны пайдалану туралы ақпарат жариялануға жатады. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы, тиісті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:  

мемлекеттік органдардың даму жоспарларында, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарларында, іс-шаралар жоспарларында және (немесе) тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларында айқындалған нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу; 

бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) есеп-қисаптардың негізділігі мен анық болуы, бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) ұсынудың толық әрі уақтылы болуы; 

бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептердің негізділігі мен анық болуы үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

13. Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландыру жоспарлары, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша жеке қаржыландыру жоспарлары осы Кодексте белгіленген тәртіппен әзірленеді, бекітіледі және өзгертілуге жатады. 

14. Түсімдер бойынша бюджеттерді атқару, міндеттемелерді қабылдау, төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, бюджет қаражатының 2025 жылғы 1 қаңтардағы қалдығын пайдалану, 2025 жылы бюджеттерді нақтылау, секвестрлеу және түзету, мониторингтеу осы Кодексте көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 

15. 2025 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау, түзету және атқару кезінде: 

1) осы Кодекстің 15-бабы мынадай редакцияда қолданылады: 

"Барлау және қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың шығыстары мынадай бюджеттік бағдарламалар: 

мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға, трансферттер беруге және күрделі шығыстарды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама; 

бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, бір функционалдық топ бойынша сыныпталады. 

Арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың мекемелерінің жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыруға арналған шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының бір өзіндік ерекшелігі бойынша көрсетіле отырып, күрделі шығыстар мен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған шығыстарды қоспағанда, бір функционалдық топ бойынша, мемлекеттік функциялар мен өкілеттіктерді орындауға бағытталған бір бюджеттік бағдарлама бойынша сыныпталады.";  

2) республикалық бюджеттің шығыстары бойынша осы Кодекстің 30-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады: 

"қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету;"; 

3) республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің шығыстары бойынша осы Кодекстің 31-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады: 

"3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:"; 

4) облыстық бюджеттің шығыстары бойынша осы Кодекстің 32-бабы 1-тармағы 3) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда қолданылады:  

"3) қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік:". 

16. 2025 қаржы жылында республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау, түзету және атқару осы Кодекстің 36-бабы 4, 5 және 6-тармақтарының, 37-бабы 4, 5, 6 және 7-тармақтарының, 38-бабының, 48-бабы 1-тармағы үшінші абзацының және 3, 4 және 5-тармақтарының, 70-бабы 3-тармағы он үшінші бөлігінің, 79-бабы 1-тармағы төртінші бөлігінің, 4, 5 және 6-тармақтарының, 83-бабы 3-тармағы үшінші бөлігінің, 148-бабы 8-тармағы бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, оныншы, он бірінші, он екінші және он үшінші бөліктерінің, 149-бабы 6-тармағы екінші абзацының ережелері қолданылмай жүзеге асырылады.

Статья 1 ...166 167 168 169 170 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться