Ст. 166 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
166-бап. Байланысты гранттарды пайдалану
1. Мемлекеттік ұйымдар – гранттарды алушылар байланысты грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес байланысты гранттарды пайдалануды жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар:
1) байланысты грант туралы келісімде көзделген, өздеріне қабылдаған міндеттемелерді уақтылы орындауға;
2) алынған байланысты гранттардың нысаналы әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
3) байланысты гранттар есебінен сатып алынған жабдықтар мен материалдардың балансқа қойылуын қамтамасыз етуге;
4) гранттар есебінен сатып алынатын тауарлар импорты кезінде кедендік декларациялауды уақтылы жүзеге асыруға;
5) ай сайын бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға байланысты гранттарды пайдалану туралы ақпаратты ұсынуға міндетті.
3. Байланысты грантты пайдалану аяқталған соң мемлекеттік ұйымдар – байланысты гранттарды алушылар – бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға, ал цифрлық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін байланысты гранттар бойынша – сонымен қатар цифрландыру саласындағы уәкілетті органға донордың уәкілетті өкілі және өтінімі бойынша байланысты грантты тарту жүзеге асырылған орталық мемлекеттік немесе жергілікті өкілді немесе атқарушы органның бірінші басшысы қол қойған байланысты гранттың пайдаланылуы туралы түпкілікті есепті ұсынады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 14-бап. Жеке басқа қолсұғылмаушылық О гарантированной государством юридической помощи Статья 2. Законодательство Республики Казахстан о гарантированной государством юридической помощи Налоговый Кодекс РК Статья 215. Налоговые регистры ҚР кеден iсi туралы 21-бап. Кеден органдарының сыртқы экономикалық қатысушылармен және басқа да тұлғалармен өзара іс-қимылы ҚР Қылмыстық-процестік кодексi 385-бап. Сот тергеуiн қайта бастауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей