Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 56 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
56-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет процесіне қатысуы туралы жалпы ережелер

1. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бюджет процесіне қатысуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Кодекстің 8-тарауында көзделген тәртіппен әзірленетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары немесе оларды іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарлары арқылы жүзеге асырылады. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің даму жоспарлары немесе оларды іске асыруға арналған іс-шаралар жоспарлары бойынша құжаттама осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

2. Жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын квазимемлекеттік сектор субъектісі акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде – квазимемлекеттік сектор субъектісінің жылдық қаржылық есептілікте, ал еншілес ұйым (еншілес ұйымдар) болған жағдайда шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікте көрсетілген, таза кіріс сомасының кемінде жетпіс пайызын дивидендтерді (кірісті) төлеуге бағыттау және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдайды. 

Тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы мен оның ведомстволарының өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруына ықпал ететін салада қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның таза кірісі сомасының кемінде елу пайызы мөлшерінде таза кірістің бөлігін мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетке толық және уақтылы аударуын бақылауды жүзеге асырады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін өздері айқындайды. 

Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінің күші мемлекеттің "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың құрылтайшысы (қатысушысы, салымшысы, акционері, мүшесі) ретінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілеріне қайшы келмейтін бөлікте әрекет етуі жағдайларына қолданылады. 

Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық әл-ауқат қорына қатысты акциялары (қатысу үлестері) Ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі заңды тұлғалардан есепті кезеңдегі алынған дивидендтердің кемінде елу пайызы мөлшеріндегі сомаларды дивидендтер ретінде бағыттау және оларды уақтылы аудару үшін шаралар қабылдайды. 

Ұлттық әл-ауқат қорының республикалық бюджетке дивидендтер төлеу сомасын есептеу кезінде Ұлттық әл-ауқат қоры жалғыз акционерінің шешімдеріне сәйкес жобаларды қаржыландыру қаражатының көлемі ескеріледі. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген төлемдердің мөлшерін азайту немесе түсімдерді төлеуден босату: 

1) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері республикалық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарға, акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты – бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган; 

2) Ұлттық әл-ауқат қорына қатысты – Қазақстан Республикасының Үкіметі; 

3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакеттері коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарға, акционерлік қоғамдарға, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерге қатысты – жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша тиісті жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты айқындайтын тәртіппен және тізбе бойынша тиісті бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады. 

4. Квазимемлекеттік сектор субъектілері тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептің құрамына қосу үшін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына ұсынады. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің тиісті бюджетке дивидендтер немесе аударымдар төленгеннен кейін қалған таза кіріс қаражатының пайдаланылуы туралы ақпаратты беру тәртібі мен нысанын мемлекеттік активтерді басқару саласындағы бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды және бекітеді. 

5. Республикалық меншікті жекешелендіруден, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олардың еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын өзге де заңды тұлғалардың активтерін бәсекелес ортаға беруден түсетін түсімдер толық көлемде номиналды мәнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есепке жатқызылады.  

6. Коммуналдық меншікті жекешелендіруден түсетін түсімдер толық көлемде номиналды мәнде жергілікті бюджетке есепке жатқызылады. 

7. Квазимемлекеттік сектор субъектілері қарыз алуды Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырады. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарыз алуы осы Кодекстің 137-бабына сәйкес белгіленетін, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының лимитімен шектеледі. 

Квазимемлекеттік сектор субъектілері борышының жай-күйі туралы, оның ішінде борышқа қызмет көрсетуге және оны өтеуге арналған шығыстардың көлемдері туралы ақпарат осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

Қарыз қаражатын пайдалану кезінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы осы Кодекстің 41-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады. 

8. Мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару тиімділігін кешенді талдауды қамтитын Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастырады. 

Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы қалыптастыру тәртібін бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді. 

Мемлекеттік мүлік жөніндегі орталық уәкілетті орган Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндаманы республикалық бюджет туралы заң жобасына және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қоса берілетін материалдардың құрамына енгізу үшін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.  

Мемлекеттік активтер мен квазимемлекеттік секторды басқару жөніндегі ұлттық баяндама туралы ақпарат осы Кодекстің 40-бабына сәйкес жариялануға жатады. 

9. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қалдықтарды толық пайдалану және бюджетке қайтару осы Кодекстің 115-бабына сәйкес жүзеге асырылады.  

Осы Кодекстің 113-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыйақы алу мақсатында бюджет қаражатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан алынған қаражатты депозиттерге және басқа да қаржы құралдарына, оның ішінде шетелдегі қаржы құралдарына орналастыруына тыйым салынады. 

12-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҚОРЫ

Статья 1 ...54 55 56 57 58 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться