Ст. 74 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
74-бап. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері және оларды айқындау тәртібі
1. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының лимиті осы Кодекстің 70-бабының 3-тармағында белгіленген талаптар сақтала отырып айқындалатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстарының алдын ала шекті жылдық сомасын білдіреді.
2. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері мемлекеттік органдардың немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың даму жоспарлары немесе даму жоспарларының жобалары, мемлекеттік орган туралы ережеде айқындалған функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер, осы Кодекстің 45 және 46-баптарына сәйкес жүргізілетін мониторинг пен нәтижелерді бағалау қорытындылары негізінде бюджеттік бағдарламаларды қалыптастыру үшін айқындалады.
3. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын және осы Кодекстің 80-бабына сәйкес бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, алдағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдерін ескере отырып айқындайды.
4. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстарын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.
5. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай міндетті блоктары айқындалады:
1) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) республикалық бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар;
2) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған шығыстар;
3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту;
4) Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резерв және Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві.
6. Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, республикалық бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;
нысаналы индикаторлары жоқ республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;
осы Кодекстің 43-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;
жоспарлы кезең ішінде өзгерту құқығынсыз бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі.
Республикалық бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған, осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстардың лимиттері республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі.
Осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңнен кейін келесі жылға арналған шығыстарының лимиті осы республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу арқылы айқындалады.
7. Осы баптың 5-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, осы Кодекстің 48-бабы 2-тармағының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктеріне сәйкес айқындалған республикалық бюджет шығыстарының өсу қарқыны негізінде жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.
8. Осы баптың 5-тармағының 4) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Кодекстің 19 және 20-баптарына сәйкес айқындалады.
9. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары лимитінің құрамында шығыстардың мынадай міндетті блоктары айқындалады:
1) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті орган қалыптастыратын тізбе бойынша бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің ағымдағы әкімшілік шығыстары және ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тиісті жергілікті бюджеттің өзге де шығыстары қамтылатын тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстар;
2) осы Кодекстің 73-бабына сәйкес тиісті бюджет комиссиясының оң ұсыныстары бар шығыстардың жаңа бағыттарын қаржыландыруға бағытталған жаңа бастамаларға арналған шығыстар;
3) қолданыстағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің, құзыреттердің және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейту) көздейтін шартсыз базалық шығыстарды ұлғайту;
4) жергілікті атқарушы органның резерві.
10. Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері:
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жыл сайынғы индекстеу ескеріле отырып, соңғы есепті үш қаржы жылындағы шығыстар және ағымдағы қаржы жылының бекітілген (нақтыланған) бюджетінде көзделген шығыстар ескеріле отырып айқындалған, жергілікті бюджет шығыстарының орташа жылдық көлемінің пайызымен жылдар бойынша бөлініп, жоспарлы кезеңге үш жылда бір рет белгіленеді;
нысаналы индикаторлары жоқ жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер негізінде айқындалады;
осы Кодекстің 46-бабына сәйкес шығыстарға міндетті түрде шолу жүргізіле отырып айқындалады;
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратта көрсетіледі.
Тиісті бюджет комиссиясының ұсынысы ескеріле отырып айқындалған, осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған шығыстардың лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының қолданыстағы лимиттері аяқталатын жылдың 7 маусымына дейін жеткізіледі.
Осы баптың 9-тармағының 1) тармақшасына жатқызылған жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоспарлы кезеңнен кейінгі жылға арналған шығыстарының лимиті осы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің ағымдағы қаржы жылының бюджетінде бекітілген (нақтыланған, түзетілген) тұрақты сипаттағы шартсыз базалық шығыстарын Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген индекстеу арқылы айқындалады.
11. Осы баптың 9-тармағының 2) және 3) тармақшаларына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, жылжымалы негізде жыл сайын жоспарлы кезеңге белгіленеді.
12. Осы баптың 9-тармағының 4) тармақшасына жатқызылған шығыстар бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттері осы Кодекстің 20-бабына сәйкес айқындалады.
13. Шығыстар лимиттері бюджеттік бағдарламалардың әрбір әкімшісі үшін айқындалады.
14. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындау және жеткізу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітеді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Читать еще раз
ҚР Бюджет кодексi 8-бап. Талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын бюджет түрлері ҚР Бюджет кодексi 53-бап. Бюджеттік тәуекелдер туралы талдамалық есеп ҚР Бюджет кодексi 48-бап. Бюджеттік қағидалар жүйесі ҚР Бюджет кодексi 67-бап. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры ҚР Бюджет кодексi 28-бап. Салықтық емес түсімдер есебінен қалыптастырылатын бюджеттен тыс қорларға түсетін түсімдерРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей