Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 71 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Бюджет кодексi
71-бап. Бюджетті жоспарлау процесі

1. Бюджетті жоспарлау процесінің рәсімдеріне: 

1) бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджеттің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жіберуі; 

мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы; 

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджетінің түсімдерін бірыңғай бюджеттік сыныптаманың санаттары, сыныптары, кіші сыныптары бойынша айқындауы және тиісті ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органына жіберуі; 

2) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері шығыстарының лимиттерін айқындауы және оларды бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне жеткізуі; 

3) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды жасауы; 

4) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік сұранымды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынуы; 

5) мемлекеттік органның даму жоспарын әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті органға қарауға ұсынуы; 

6) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын қарауы, лимиттерге және осы Кодекстің талаптарына сәйкестігіне талдауды жүзеге асыруы; 

7) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның белгіленген лимит пен бюджеттік сұраным арасындағы алшақтықтарды жою үшін шаралар қабылдауы және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік сұранымына қорытындыны қалыптастыруы; 

8) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарына қорытындыларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығаруы және тиісті бюджет комиссиясының олар бойынша ұсыныстар әзірлеуі және қажет болған кезде пысықтауы; 

9) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары негізінде бюджеттік бағдарламалардың паспорттары туралы біріктірілген жиынтық ақпаратты қалыптастыруы; 

10) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның республикалық бюджет туралы заң жобасын, облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті, аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуі; 

11) бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның республикалық бюджет жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасына енгізуі; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

71-баптың 1-тармағының 12) тармақша осы Кодекстің 172-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 01.01.2028 бастап қолданысқа енгізіледі.

12) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органның тиісті жергілікті бюджеттің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігіне, ревизиялық комиссиясына енгізуі; 

13) Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе әкімдіктің тиісті бюджеттердің жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізуі; 

14) Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе тиісті мәслихаттың республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімін бекітуі; 

15) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің қаржыландыру жоспарларын қалыптастыру үшін бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің деңгейіне дейінгі есеп-қисаптары бар бюджеттік сұранымдар жасауы жатады. 

2. Бюджетті жоспарлау кезінде болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік қалыптастырылады. 

3. Жалпы сипаттағы трансферттер мен нысаналы трансферттер осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі. 

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері осы Кодекстің 60-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.  

5. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферттің мөлшері осы Кодекстің 61-бабына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі. 

6. Қарыздарды өтеу және оларға қызмет көрсету көлемдері осы Кодекстің 28-тарауына сәйкес болжанады және бюджет жобасына енгізіледі. 

7. Мемлекеттік инвестициялық жобалар осы Кодекстің 29-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі. 

Мемлекеттік инвестициялық жобаларды іріктеу осы Кодекстің 148-бабында белгіленген талаптар міндетті түрде сақтала отырып жүзеге асырылады. 

8. Бюджеттік кредиттер осы Кодекстің 30-тарауына сәйкес жоспарланады және бюджет жобасына енгізіледі.  

9. Бюджетті атқару процесінде осы Кодекстің 18 және 19-тарауларына сәйкес бюджетті нақтылау, түзету, секвестрлеу жүргізілуі мүмкін. 

10. Қазақстан Республикасында төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы ахуалында осы Кодекстің 20-тарауына сәйкес төтенше мемлекеттік бюджет әзірленеді. 

11. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген құжаттарды әзірлеу мен қарау рәсімдері Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес және осы Кодекстің 70-бабының 1, 2 және 3-тармақтарында белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

Статья 1 ...69 70 71 72 73 ...172

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться