Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 73 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

ҚР Бюджет кодексi
73-бап. Бюджеттің кірістері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау процесі

1. Мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысы болған кезде ғана Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілуі мүмкін. Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін заңдардың жобаларына Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорытындысы Республикалық бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің оң қорытындысын алу қажеттілігі туралы талап республикалық бюджет туралы, республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы және республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдардың жобаларын қоспағанда, заң жобаларын Қазақстан Республикасының Парламентінде қарау процесіне де қолданылады. 

Республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары жобаларының ережелері Республикалық бюджет комиссиясының міндетті қарауына жатады. 

2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізу кезінде материалдарға мыналар қоса беріледі: 

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары, оның ішінде іске асырылуы тиісті бюджет шығыстарын ұлғайту, қысқарту және (немесе) қайта бөлу есебінен ұсынылатын жобалар бойынша – тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыру көздері көрсетілген қаржылық-экономикалық есеп-қисаптары мен негіздемелері; 

республикалық немесе жергілікті бюджеттің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша – Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалған тәртіппен қалыптастырылатын республикалық немесе жергілікті бюджет, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры шығындарының есеп-қисаптары мен негіздемелері; 

мемлекеттік органдарға қосымша функциялар, өкілеттіктер мен құзыреттер берілуіне байланысты республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша – Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес жүргізілетін қызметті функционалдық талдау нәтижелері және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметін функционалдық талдауға арналған қорытындысы; 

жергілікті бюджет шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша – тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қорытындысы. 

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау кезінде осы Кодекстің 54-бабына сәйкес жасалатын салықтық шығыстар туралы талдамалық есеп қолданылады. 

Республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау осы Кодекстің 29-бабына сәйкес шығыстарды бөлу және осы Кодекстің 83-бабының 2-тармағына сәйкес ағымдағы нысаналы трансферттерді беру қажеттілігі ескеріле отырып жүзеге асырылады. 

3. Жергілікті өкілді органдардың жергілікті бюджеттердің кірістерін қысқартуды немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін шешімдерінің жобалары әкімнің оң қорытындысы болған кезде ғана мәслихаттардың қарауына енгізілуі мүмкін. Әкімнің қорытындысы тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып қалыптастырылады. 

Жергілікті атқарушы органдардың жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды көздейтін актілері жобаларының ережелері тиісті бюджет комиссиясының міндетті түрде қарауына жатады. 

Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ережелер тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстары ескеріле отырып, әкімнің оң қорытындысы болған кезде келесі қаржы жылынан кейін қолданысқа енгізілуі мүмкін. 

4. Республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі кірістер мен республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін басқа да болжанбайтын салықтық емес түсімдерді қысқартуды көздейтін, осы баптың 1 және 3-тармақтарында көрсетілген актілер үшін тиісті қорытындының болуы талап етілмейді.

Статья 1 ...71 72 73 74 75 ...172

Перейти к статье
Добавить комментарий


Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.


Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться