Ст. 55 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
55-бап. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің бюджеттен тыс қызметі
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекетке немесе өңірге мүліктік және мүліктік емес игіліктер, оның ішінде ақшалай нысанда беруге бағытталған міндеттемелері көзделсе, уәкілетті салалық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар: орталық салалық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен сомаларын көрсете отырып, жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиісті есептілігін қалыптастыру арқылы мониторингтеуді;
мониторинг пен есептілік нәтижелерін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосуды;
мониторинг пен есептілік нәтижелерін ресми интернет-ресурста жариялауды жүзеге асырады.
2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес бәсекелес ортаға берілген жағдайда, тиісті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, заңды тұлғаларға арналған трансферттерді беру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, пайдаланушылар есебінен беру, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының тізіліміне сәйкес бәсекелес ортаға берілген функциялардың жүзеге асырылуын мониторингтеу нәтижелерін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосады.
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызметтер көрсететін және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін жекелеген заңды тұлғалардың (бұдан әрі осы тармақта – заңды тұлға) пайдасына жеке және заңды тұлғалар төлейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін міндетті нысаналы төлемдер парафискалдық төлемдер болып табылады.
Заңды тұлғаның өкілеттіктері және қызметінің мазмұны, функциялары, парафискалдық төлемдердің мақсаты және олардың жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Заңды тұлға және парафискалдық төлемдерді алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган және тиісті жергілікті атқарушы орган түсімдердің сомаларын көрсете отырып, парафискалдық төлемдердің тізілімін жүргізеді және олардың сақталуы, таратылуы немесе бюджетке берілуі тұрғысынан оларды талдауды жүзеге асырады.
Парафискалдық төлемдердің тізілімі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы орталық уәкілетті орган қалыптастыратын, парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін және осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген тізілімді салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 174. Переходные положения Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 129. Система органов исполнительного производства Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 11. Сроки предъявления исполнительных документов к исполнению Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей Статья 115. Авансирование расходов взыскателем О культуре Статья 38. Участие в международных организациях в области культурыРекомендованные страницы
Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 165-бап. Республикалық палатаның қызметін қаржыландыру ҚР Бюджет кодексi 61-бап. Әлеуметтiк-экономикалық даму болжамы ҚР Бюджет кодексi 39-бап. Мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бюджеттік бағдарламалар ҚР Бюджет кодексi 83-бап. Қазақстан Республикасының кейбір заңдарының және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің ерекшеліктері ескеріле отырып, бюджеттің атқарылуы О торговом мореплавании Статья 181. Обязанности спасателя, владельца судна и капитана суднаРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей