Ст. 115 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
115-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішті қарау рәсімі
1. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш ұсынылған материалдардың нысаны мен мазмұны осы Кодекстің талаптарына сәйкес келген жағдайда қаралуға жатады.
2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны толық және жиынтықты болуы тұрғысынан тексереді. Өтініш көрсетілген мерзім ішінде қарауға қабылданады не құжаттар топтамасы және (немесе) мәліметтер толық ұсынылмаған жағдайда мұндай өтініштің қайтарылу себептері көрсетіле отырып, қабылданбайды.
Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініште барлық талап етілетін мәліметтер мен қоса берілетін құжаттар болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 88-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес I санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасына мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізеді және осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мерзім ішінде қарауға қабылданған өтінішті оған қоса берілетін құжаттармен бірге өзінің құрылымдық бөлімшелеріне, сондай-ақ кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілуге жататын міндетті экологиялық шарттарға қатысты өз құзыреттері шеңберінде ескертулері мен ұсыныстарын алу үшін мынадай мүдделі мемлекеттік органдарға:
1) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға;
2) объект жататын тиісті салада реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органға;
3) құзыретіне объектіні салу мен пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға қажетті рұқсаттарды беру кіретін өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға;
4) аумағында объект орналасқан немесе орналасатын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органына жібереді.
Егер объект екі немесе одан көп облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың аумақтары шегінде орналасса немесе орналасатын болса, қоса берілетін құжаттары бар өтініш әрбір тиісті жергілікті атқарушы органға жіберілуге жатады;
5) егер мұндай қызметке рұқсат беру туралы шешімдер қабылдау бойынша трансшекаралық рәсімдер жүргізу қажеттігі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе немесе қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда белгіленсе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жәрдемімен – объектіні салу және (немесе) пайдалану қоршаған ортасының жай-күйіне елеулі қолайсыз әсер етуі мүмкін мемлекетке жібереді.
3. Егер "бір терезе" қағидаты бойынша тиісті мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді біріктіру тәртібі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрықтарымен айқындалған болса, кешенді экологиялық рұқсаттың құрамына өзге де мемлекеттік органдар беретін рұқсаттар енгізілуі мүмкін.
4. Осы баптың 2-тармағының 1) – 5) тармақшаларында көрсетілген мүдделі мемлекеттік органдар өтініш алынған күннен бастап жиырма бес жұмыс күні ішінде кешенді экологиялық рұқсатқа енгізілуге жататын міндетті экологиялық шарттарға қатысты өз қорытындыларын ұсынуға тиіс.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 4-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін алған мүдделі мемлекеттік органдардың қорытындылары өтініш берушіге жіберілуге және өтініш бойынша шешім қабылданған кезде есепке алынуға жатпайды.
6. Кешенді экологиялық рұқсат беруге арналған өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар бойынша мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезеңінде ескертулер болған кезде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге осындай ескертулерді өтініш қарауға қабылданғаннан кейін жиырма бес жұмыс күні ішінде жібереді.
Өтініш беруші жіберілген ескертулерді ескертулер жіберілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде жоюға тиіс. Ескертулер көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда, өтініш берушіге кешенді экологиялық рұқсат беруден уәжді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші барлық ескертулерді жойғаннан және мүдделі мемлекеттік органдардан қорытындылар алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган алынған ескертулер мен ұсыныстарды, сондай-ақ өтініш берушінің ұстанымын ескеріп, ішкі және (немесе) сыртқы сарапшыларды тарта отырып, кешенді экологиялық рұқсаттың жобасын дайындайды және мұндай жобаны өтініш берушіге жібереді. Өтініш беруші ұсынылған кешенді экологиялық рұқсаттың жобасы бойынша өз ұстанымын бес жұмыс күні ішінде ұсынады.
Өтініш беруші кешенді экологиялық рұқсаттың жобасын мақұлдаған жағдайда өтініш берушінің ұстанымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде кешенді экологиялық рұқсат беріледі.
Кешенді экологиялық рұқсаттың жобасына енгізілген шарттар бойынша туындайтын келіспеушіліктерді сараптама комиссиясы осы Кодекстің 74-бабында көзделген тәртіппен шешеді.
Лучшие юристы





несет ли водитель ответственность за перевозимый груз без сопровождающего лица?
Доброго времени суток! Как осуществляется передача в доверительное управления инфраструктуры, находящейся на земле вторичного землепользования (земля у субарендатора) другому лицу, которой является первичным землепользователям данных земель. То есть инфраструктура принадлежит первому лицу, а земля на которой это инфраструктура второму лицу. Первая лицо хочет передать управления инфраструктурой второму лицу.
Доброго времени суток!Помогите пож-та какими законами и действиями воздействовать на соседа в многоквартирном ЖК ?Сосед из 3 х комнатной квартиры делает две квартиры двухкомнатную и однокомнатную квартиру с общим коридором не выходящим на общедомовое имущество,т.е внутри его собственности будет разделение входных дверей в две квартиры.Стены между квартирами он воздвиг сам ,не от застройщика,не имея на сегодняшний день никаких разрешений и документов у него произведено сложное переоборудование .Сначала он должен был получить разрешение от Архитектуры,БТИ,Рэк и уже после приступать к ремонту.И в некоторых источниках написано,что мы смежные соседи должны дать своё разрешение.Ведь будут затронуты наши интересы,во первых такие варианты квартир покупают для посуточного бизнеса и нам будет идти нагрузка на весь подьезд по шуму и чистоте ,во вторых мы смежные соседи будем постоянно сталкиваться с большим кол-вом жильцов,когда покупали мы свои квартиры нас привлекло на площадке именно малое кол-во квартир,а теперь добавится ещё квартира .Я не согласна с таким добавлением квартир .
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей