Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 113 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.07.2021

ҚР Экологиялық кодексi
113-бап. Ең үздік қолжетімді техникалар

1. Ең үздік қолжетімді техникалар деп қызмет түрлері мен оларды жүзеге асыру әдістерінің неғұрлым тиімді және озық даму сатысы түсініледі, бұл олардың қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға немесе, егер бұл іс жүзінде жүзеге асырылмаса, барынша азайтуға бағытталған технологиялық нормативтер мен өзге де экологиялық шарттарды белгілеуге негіз болу үшін практикалық жарамдылығын куәландырады. Бұл ретте: 

1) техникалар деп пайдаланылатын технологиялар, сондай-ақ объектіні жобалауға, салуға, қызмет көрсетуге, пайдалануға, басқаруға және пайдаланудан шығаруға қолданылатын тәсілдер, әдістер, процестер, практикалар, ұстанымдар мен шешімдер түсініледі; 

2) егер техникалардың даму деңгейі мұндай техникаларды шығындар мен пайданы назарға ала отырып, мұндай техникалардың Қазақстан Республикасында қолданылу-қолданылмауына немесе өндірілу-өндірілмеуіне қарамастан және олар объектінің операторына негізді түрде қолжетімді болатындай шамада ғана өндірістің тиісті секторында экономикалық және техникалық ықтимал шарттарда ендіруге мүмкіндік берсе, олар қолжетімді болып есептеледі; 

3) ең үздік деп бір тұтас ретінде қоршаған ортаны қорғаудың жалпы жоғары деңгейіне жетуде неғұрлым пәрменді қолжетімді техникалар түсініледі. 

2. Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану қоршаған ортаның ластануын кешенді түрде болғызбауға, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді барынша азайтуға және бақылауға бағытталған. 

Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану салалары деп осы Кодекске сәйкес өздері үшін ең үздік қолжетімді техникалар айқындалатын экономиканың жекелеген салалары, қызмет түрлері, технологиялық процестер, қызметті жүргізудің техникалық, ұйымдастырушылық немесе басқарушылық аспектілері түсініледі. Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану салалары осы Кодекске 3-қосымшада айқындалады. 

3. Ең үздік қолжетімді техникалар мынадай өлшемшарттар үйлесімі негізінде айқындалады: 

1) аз қалдықты технологияны пайдалану; 

2) қауіптілігі неғұрлым аз заттарды пайдалану; 

3) технологиялық процесте түзілетін және пайдаланылатын заттардың, сондай-ақ қалдықтардың қолданылуға келетіндей шамада қалпына келтірілуі мен рециклингіне ықпал ету; 

4) өнеркәсіптік деңгейде табысты сыналған процестердің, құрылғылардың және операциялық әдістердің салыстырмалылығы; 

5) ғылыми білімдегі технологиялық серпілістер мен өзгерістер; 

6) қоршаған ортаға тиісті эмиссиялардың табиғаты, ықпалы мен көлемі; 

7) жаңа және жұмыс істеп тұрған объектілер үшін пайдалануға берілу күні; 

8) ең үздік қолжетімді техниканы ендіруге қажетті мерзімдердің ұзақтығы; 

9) процестерде пайдаланылатын шикізат пен ресурстардың (суды қоса алғанда) тұтынылу деңгейі мен қасиеттері және энергия тиімділігі; 

10) қоршаған ортаға эмиссиялардың жағымсыз әсері мен қоршаған орта үшін тәуекелдерді болғызбау немесе олардың жалпы деңгейін барынша қысқарту қажеттігі; 

11) аварияларды болғызбау және қоршаған ортаға жағымсыз салдарларды барынша азайту қажеттігі; 

12) халықаралық ұйымдар жариялаған ақпарат; 

13) Қазақстан Республикасында немесе одан тыс жерлерде екі және одан да көп объектілерде өнеркәсіптік ендіру. 

4. Қолданылуы кезінде табиғи ортаның бір немесе бірнеше құрамдасына жағымсыз әсер етуді болғызбау немесе қысқарту табиғи ортаның басқа құрамдастарына жағымсыз әсер етуді ұлғайту есебінен қол жеткізілетін технологиялық процестер, техникалық, басқарушылық және ұйымдастырушылық тәсілдер, әдістер, ұстанымдар мен практикалар ең үздік қолжетімді техника ретінде айқындалмайды. 

5. Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларды Қазақстан Республикасының Үкіметі ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың негізінде бекітеді. Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындылар мынадай ережелерді қамтиды: 

1) ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі тұжырымдар; 

2) ең үздік қолжетімді техникалардың сипаттамасы; 

3) ең үздік қолжетімді техникалардың қолданылуын бағалауға қажетті ақпарат;  

4) ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты эмиссиялардың деңгейлері; 

5) ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты өзге де технологиялық көрсеткіштер, оның ішінде энергетика, су ресустары мен өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлері; 

6) ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты мониторинг жөніндегі талаптар; 

7) ремедиация жөніндегі талаптар. 

Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты эмиссиялардың деңгейлері белгілі бір уақыт кезеңі үшін және белгілі бір жағдайлар кезінде орташалау ескеріле отырып, объектіні ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыда сипатталған бір немесе бірнеше ең үздік қолжетімді техниканы қолдана отырып пайдаланудың қалыпты жағдайларында қол жеткізілуі мүмкін эмиссиялар (ластағыш заттардың концентрациялары) деңгейлерінің диапазоны ретінде айқындалады. Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыларда диапазонның төменгі шекарасындағы эмиссиялар деңгейлеріне қол жеткізілуі мүмкін жағдайлардың сипаттамасы да келтіріледі. 

Ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты өзге де технологиялық көрсеткіштер, оның ішінде энергетикалық, су және өзге де ресурстарды тұтыну деңгейлері объектіні ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі қорытындыда сипатталған бір немесе бірнеше ең үздік қолжетімді техникаларды қолдана отырып пайдаланудың қалыпты жағдайларында қол жеткізілуі мүмкін мәндердің диапазоны ретінде айқындалады. 

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингілеу және қайта қарау тәртібін (бұдан әрі – ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингілеу және қайта қарау қағидалары) айқындайды және ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды бекітеді. 

Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтар мынадай: 

1) барлық мүдделі тараптардың қатысуы мен мүдделерінің тепе-теңдігі негізінде ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу процесінің ашықтығы мен айқындығы; 

2) ең үздік қолжетімді техникаларды қолданудың тиісті салалары бойынша қажетті білімі мен тәжірибесі бар қоғам өкілдерінің, отандық және шетелдік тәуелсіз сарапшылардың қатысу міндеттілігі; 

3) үздік әлемдік тәжірибеге бағдарлану; 

4) циклділік, серпінділік және озық даму; 

5) қоғамдық пікірді кеңінен қамту, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізудің міндеттілігі; 

6) барлық мүдделі тараптардың бәтуаға қол жеткізу қажеттілігі қағидаттары негізінде әзірленеді. 

Кешенді технологиялық аудит жүргізу ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеудің және (немесе) қайта қараудың бірінші кезеңі болып табылады, оны жүргізу қағидалары ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қолдану, мониторингілеу және қайта қарау қағидаларына енгізіледі. 

Кешенді технологиялық аудит кәсіпорындарда қолданылатын, қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуді болғызбауға және (немесе) барынша азайтуға, оның ішінде тиісті мәліметтер жинау және (немесе) ең үздік қолжетімді техникаларды қолдану саласына жататын объектілерге бару арқылы азайтуға бағытталған техникаларды (технологияларды, тәсілдерді, әдістерді, процестерді, практиканы, ұстанымдар мен шешімдерді) сараптамалық бағалау процесін білдіреді. 

Ендірілген ең үздік қолжетімді техникалардың нәтижелілігі мен өзектілігі тұрғысынан кешенді технологиялық аудиті мен мониторингін Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі бюроның функцияларын жүзеге асыратын ұйым жүргізеді. 

7. Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі бюроның функцияларын жүзеге асыратын ұйым қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады. 

Ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі бюроның міндеттеріне: 

1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу және жаңартып отыру мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асыру;  

2) ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу және ең үздік қолжетімді техникаларды ендіру процесін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету; 

3) мүдделі мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен жұртшылыққа ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу мәселелері бойынша хабар беру және оларға ең үздік қолжетімді техникалар саласында консультациялық қолдау көрсету; 

4) ең үздік қолжетімді техникалар саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды дайындауға қатысу; 

5) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның және техникалық жұмыс топтарының ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу, қазіргі заманғы технологиялардың трансфері мен олардың Қазақстан Республикасында бейімделуі мәселелері жөніндегі қызметін ұйымдастырушылық, әдістемелік және сараптамалық-талдамалық қолдауды қамтамасыз ету кіреді. 

8. Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарда мыналар қамтылады: 

1) саланы, саланың бір бөлігін, қызмет түрін, технологиялық процестер мен техникалардың сипаттамасын қоса алғанда, нақты қолдану саласы туралы жалпы ақпарат; 

2) эмиссиялардың, сондай-ақ энергетика және су ресурстарын тұтынудың ағымдағы деңгейлерін қоса алғанда, қолдану саласына тән негізгі экологиялық проблемалардың сипаттамасы; 

3) ең үздік қолжетімді техниканы айқындау әдіснамасы; 

4) ең үздік қолжетімді техникаларды айқындау мақсатында қарау үшін ұсынылатын, нақты қолдану саласы үшін қазіргі бар техникалардың сипаттамасы; 

5) технологиялық процестердің қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуін төмендету үшін оларды жүзеге асыру кезінде қолданылатын және қоршаған ортаға жағымсыз әсер ететін объектіні техникалық қайта жарақтандыруды, реконструкциялауды талап етпейтін әдістер; 

6) ең үздік қолжетімді техниканы ендірудің қоршаған орта үшін артықшылықтарын бағалау; 

7) ең үздік қолжетімді техниканы қолданудағы шектеулер туралы деректер; 

8) ең үздік қолжетімді техниканы сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер; 

9) өздеріне қатысты ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіліп жатқан немесе оларды тәжірибелік-өнеркәсіптік ендіру жүзеге асырылып жатқан жаңа техникалар туралы ақпарат; 

10) ең үздік қолжетімді техниканы іс жүзінде қолдану үшін маңызы бар өзге де мәліметтер; 

11) осындай ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерді қоса алғанда, ең үздік қолжетімді техникалар жөніндегі тұжырымдарды қамтитын қорытынды; 

12) анықтамалықпен одан әрі жұмыс істеу үшін техникалық жұмыс тобының қосымша комментарийлері мен ұсынымдары. 

9. Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды әзірлеу кезінде осы саладағы ең үздік әлемдік тәжірибе ескеріледі, оның ішінде ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың негізі ретінде ең үздік қолжетімді техникаларды нақты қолдану салаларында олардың техникалық және экономикалық қолжетімділігін негіздейтін Қазақстан Республикасының климаттық және экологиялық жағдайларына негізді бейімделу қажеттігін ескере отырып, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болып табылатын мемлекеттерде ресми қолданылатын ұқсас және салыстырмалы анықтамалықтар пайдаланылуға тиіс. 

10. Ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарды қайта қарау тиісті анықтамалықтың алдыңғы нұсқасы бекітілгеннен кейін әрбір сегіз жыл сайын және ғылыми-техникалық даму мен қандай да бір техникалардың техникалық және (немесе) экономикалық қолжетімділік деңгейін арттыруды ескере отырып, қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді төмендету, ресурс тиімділігін арттыру, Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға және төмен көміртекті дамуға көшуіне ықпал ету мақсатында ғана жүзеге асырылады. 

11. Ең үздік қолжетімді техниканы ендіру деп жаңа объектілерді жобалау, салу немесе жұмыс істеп тұрған объектілерді реконструкциялау, оның ішінде жаңа жабдықты орнату арқылы техникалық қайта жарақтандыру (жаңғырту) жөніндегі, мұндай объектілерге қызмет көрсетуде, пайдалануда, басқаруда және пайдаланудан шығару кезінде тәсілдерді, әдістерді, процестерді, практикаларды, ұстанымдар мен шешімдерді қолдану жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырудың уақыт жағынан шектелген процесі танылады. Бұл ретте көрсетілген іс-шаралар жиынтығында қоршаған ортаны қорғаудың жарияланған ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтарда сипатталған ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты көрсеткіштерден төмен болмайтындай деңгейіне қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
Статья 1 ...111 112 113 114 115 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Сәлеметсіз бе! Соғып жатқан жеке үйіміздің жанынан көпшілікке арналған монша соғылып жатыр. Жеке тұрғын үй салуға арналған орыннан осындай үлгідегі нысан салу заңды ма?


Здравствуйте меня кинули на деньги в инстаграм магазине

Что делать?


Салеметсиз бе, Дастан! Туган ана, оз балаларын еш уақытта тастамайды, бул жерде бир шикилик бар сияқты. Оданда озара татуласып, жолдасынызбен жылы сойлессениз менин ойымша бари оз орнына келер еді. Ал сиз болсаныз айелинизден ажырасып кана коймадыныз, еки кызын алып койып отырсыз. Енді ана кукыгынан айыруга Алладан корыксанызшы!!! Ай, Алла сизге сабыр бере корсин!


Сәлеметсіздер ме! Лицензия (Проектная деятельность, Изыскательская деятельность) алу жайында және қандай құжаттар жинау жайында қалай білуге болады?


Сәлеметсіздер ме! Лецензия (Проектная деятельность, Изыскательская деятельность) алу жайында қалай білуге болады?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться