Ст. 114 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
114-бап. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш
1. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініш қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға электрондық түрде беріледі және онда мыналар қамтылуға тиіс: 1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны немесе дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілген болса); оның бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
2) объектінің атауы және тұрған жері;
3) негізгі қызмет түрі, өндірілетін өнімнің (тауардың) түрлері мен көлемі;
4) объектіні салу, реконструкциялау және (немесе) пайдалану жоспарланып отырған аумақтың ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы;
5) объектінің қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсер етуін болғызбау немесе оның деңгейін төмендету мақсатында объектіде қолданылатын немесе қолдануға ұсынылатын техникалардың сипаттамасы, оның ішінде кешенді экологиялық рұқсатқа енгізу үшін оператор ұсынатын технологиялық нормативтердің есеп-қисаптары мен негіздемелері;
6) тиісті қолданылу салалары бойынша ең үздік қолжетімді техникалар туралы қорытындыларда келтірілген ең үздік қолжетімді техникалары бар пайдаланылатын немесе пайдаланылуы болжанатын техниканың салыстырмалы сипаттамасы;
7) кешенді экологиялық рұқсатқа енгізу үшін ұсынылатын, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарына және қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытындының тұжырымдарына сәйкес келуге тиісті, объектіні салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезеңдеріне қатысты міндетті экологиялық шарттар;
8) шикізатты, суды, электр және жылу энергиясын пайдалану (тұтыну) туралы ақпарат;
9) объектіні салу және пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін оператордың алуы немесе ұсынуы қажет болатын болжамды рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;
10) жұмыс істеп тұрған объектілер үшін:
алдыңғы жеті жылда объектіде болған, қоршаған ортаны ластауға немесе экологиялық залал келтіруге алып келген авариялар мен оқыс оқиғалар туралы мәліметтер;
экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының (бар болса) іске асырылуы туралы ақпарат.
2. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтініштің нысаны және оны толтыру тәртібі экологиялық рұқсаттар беру қағидаларында белгіленеді.
3. Кешенді экологиялық рұқсат алуға арналған өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) белгіленіп отырған қызметке қатысты – объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы, қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды, белгіленіп отырған қызметтің әсерлеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды не осы Кодекстің 68-бабының 2-тармағында көзделген белгіленіп отырған қызмет туралы өтініш;
2) технологиялық нормативтердің негіздемесі және оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдарымен бірге эмиссиялар нормативтерінің жобасы;
3) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы;
4) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы;
5) ең үздік қолжетімді техникаларды қолдануға байланысты технологиялық көрсеткіштерді сақтауы мүмкін болмаған кезде I санаттағы жұмыс істеп тұрған объектілер үшін – осы Кодекстің 119-бабына сәйкес әзірленген экологиялық тиімділікті арттыру бағдарламасының жобасы;
6) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде).
4. Объект операторының өтініші бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган, өзге де мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар оған объектінің құрылысы және (немесе) пайдаланылуы әсер ететін аумаққа қатысты өздерінде бар барлық экологиялық ақпаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қолжетімділік беруге міндетті.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей