Ст. 13 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
13-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы субъектілердің негіз құраушы құқықтары мен міндеттері
1. Әркімнің қолайлы қоршаған ортаға құқығы бар. 2. Әрбір адамның, қазіргі және болашақ ұрпақтың қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекет жұртшылықтың мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уақтылы, толық және анық экологиялық ақпаратқа қол жеткізуге;
2) мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне осы Кодексте белгіленген тәртіппен қатысуға;
3) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің жобаларын талқылауға қатысуға және өз ескертпелерін әзірлеушілердің қарауына енгізуге;
4) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және өз құзыретіне сәйкес өзге де мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға экологиялық залал келтірудің, Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзудың кез келген болжамды фактілері немесе осындай салдарлардың туындау қатерін туғызатын өзге де мән-жайлар туралы өтінішпен жүгінуге, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өтініштерін қарау нәтижелері және Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тәртіппен қабылданған шешімдер туралы жауаптарын алуға;
5) мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және мемлекеттік қызметшілердің қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды жоюға және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылықтың жолын кесуге байланысты әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдерінің заңдылығына дау айту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге;
6) үшінші тұлғалардың Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан зиян келтірілген мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен құқықтарды қорғау үшін Қазақстан Республикасының азаматтық және азаматтық процестік заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық экологиялық бақылауға қатысуға арналған құқықтарын таниды және оған кепілдік береді.
3. Осы Кодексте жұртшылық деп бір немесе біреуден көп жеке немесе заңды тұлға, коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ қауымдастықтар, одақтар немесе өзге де бірлестіктер түсініледі.
4. Табиғатты сақтау және оның ресурстарына ұқыпты қарау барлық жеке және заңды тұлғаның борышы мен міндеті болып табылады.
Жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасы экология заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге тиіс.
5. Заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер өз есебінен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, оның ішінде қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал келтірілуін және адамның өміріне және (немесе) денсаулығына өздерінің қызметін жүзеге асыру нәтижесінде туындауы мүмкін осыған байланысты қатерлерді болғызбау жөніндегі қажетті шараларды қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзге де міндеттерді атқарады.
6. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтары бар және өзге де міндеттерді атқарады.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?
Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.
Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.
2 500 000 теңге бойынша жағдай
Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.
Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:
“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу
Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”
деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.
Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:
190-бап — алаяқтық
194-бап — бопсалау
214-бап — заңсыз өсімқорлық
389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей