Ст. 15 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
15-бап. Жұртшылықтың шешімдер қабылдауға қатысуы
1. Мүдделі жұртшылық осы Кодексте белгіленген шарттарда және тәртіппен, экологиялық бағалау жүргізу процесіне және жұртшылықтың қатысуы көзделген өзге де рәсімдерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, лауазымды адамдардың және өзге де тұлғалардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға құқылы. 2. Осы Кодексте мүдделі жұртшылық деп өз мүдделерін қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша қабылданатын шешімдер қозғайтын немесе қозғауы мүмкін немесе осы шешімдерді қабылдау процесіне қатысуға мүдделі жұртшылық түсініледі.
Жарғылық мақсаттарының ішінде қоршаған ортаны тұтастай немесе оның жекелеген элементтерін қорғауға жәрдемдесу бар коммерциялық емес ұйымдар мүдделігі бар ұйымдар болып есептеледі.
3. Осы Кодексте айқындалған рәсімдер шеңберінде мүдделі жұртшылық өкілдері өздері белгіленіп отырған қызметке немесе қабылданатын шешімге қатысы бар деп санайтын кез келген ескертуді, ақпаратты, талдауды немесе пікірді жазбаша немесе электрондық нысанда және ауызша, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды өткізу осы Кодексте көзделген кезде оларды өткізу барысында ұсынуға құқылы.
4. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам қабылдайтын, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша тиісті шешімдерде жұртшылықтың қатысу нәтижелері көрсетілуге тиіс.
5. Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешім қабылдаған мемлекеттік органдар немесе лауазымды адамдар бұл туралы мүдделі жұртшылыққа осы Кодексте айқындалған тәртіппен шешімнің мәтінін осы шешімнің негізі болып табылған себептер мен аргументтерді көрсете отырып бірге ұсыну арқылы оған дереу хабарлауға міндетті.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 02.10.2023 № 31-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 125-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары ҚР Экологиялық кодексi 390-бап. Өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелеріне қатысушылардың жауапкершілігі ҚР Экологиялық кодексi 364-бап. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтарын жинап қою объектілерін түгендеу ҚР Экологиялық кодексi 168-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру ҚР Экологиялық кодексi 365-бап. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарРекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 17-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттiорганның құзыретi ҚР Экологиялық кодексi 13-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы субъектілердің негіз құраушы құқықтары мен міндеттері ҚР Экологиялық кодексi 18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретi ҚР Экологиялық кодексi 11-бап. Табиғат пайдаланушылар ҚР Экологиялық кодексi 21-бап. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызметтiлицензиялауРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей