Ст. 143 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
143-бап. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу
1. Тарихи ластану объектілерін анықтау бұрын антропогендік қызмет жүзеге асырылған және (немесе) иесіз күрделі құрылыс объектілері және (немесе) иесіз қалдықтарды сақтау немесе көму объектілері орналасқан аумақтар мен акваторияларды түгендеу және зерттеп-қарау арқылы жүзеге асырылады. 2. Тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу, оның ішінде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу қағидаларын (бұдан әрі – тарихи ластану объектілерін анықтау, бағалау және есепке алу қағидалары) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің талаптарын ескере отырып бекітеді.
3. Тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалауды аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары ұйымдастырады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша тарихи ластанудың жекелеген объектілерін анықтау мен бағалауды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
Тарихи ластану объектілерін анықтау және бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар ұйымдарды тартады.
4. Тарихи ластану объектісін бағалау мыналарды:
1) ластағыш заттардың, олардың түрлері бойынша қалдықтардың көлемін немесе массасын;
2) тарихи ластану объектісі орналасқан аумақтар мен акваториялардың немесе олардың учаскелерінің алаңдарын, пайдалануға рұқсат берілген жерлер мен сулардың санаттары мен түрлерін;
3) ластағыш заттардың табиғи ортаның өзге құрамдастарына көшіп-қонуға қабілеттілігін, су объектілерінің, оның ішінде ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтау көздері болып табылатын су объектілерінің ластану мүмкіндігін, жаңа экологиялық залалдың туындау және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру мүмкіндігін қоса алғанда, қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету деңгейі мен көлемін;
4) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көрсетілген қауіпті заттардың тарихи ластану объектісінде бар-жоғын;
5) қоршаған ортасы тарихи ластану объектісінен жағымсыз әсер етуді сезініп отырған аумақта тұратын халық санын;
6) қоршаған ортаға жинақталған зиян объектісінен қоршаған ортасына жағымсыз әсер ету қатері төніп тұрған аумақта тұратын халық санын анықтауды қамтиды.
5. Тарихи ластану объектілерін есепке алу оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы баптың 3-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардан тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалау нәтижелерін алған күннен бастап отыз жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу арқылы жүзеге асырылады.
Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі электрондық дерекқор болып табылады, онда осы баптың 4-тармағына сәйкес тарихи ластану объектілерін бағалау нәтижелері, олардың шығу тегі, тарихи ластану объектілерінің мүліктік тиесілігі және тарихи ластануды жою бойынша қажетті жұмыстар жөніндегі ақпаратты қоса алғанда, анықталған тарихи ластану объектілері туралы мәліметтер жиналады.
Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін бюджет қаражаты есебінен жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.
6. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу:
1) тарихи ластану объектілерін анықтау мен бағалау материалдарын қарауды;
2) тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдауды;
3) тарихи ластану объектілерін санаттауды;
4) тарихи ластану объектісі туралы ақпаратты жаңартуды;
5) тарихи ластану объектілерін мемлекеттік тізілімнен шығаруды қамтиды.
7. Тарихи ластану объектілерін санаттау тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластану объектілеріне қатысты жүзеге асырылады.
Тарихи ластану объектілерін санаттау тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің басымдығы мен кезектілігін негіздеу, сондай-ақ өзге де кезек күттірмейтін шаралар қабылдау мақсатында олардың экологиялық қауіпсіздікке ықпалын салыстыру арқылы жүргізіледі.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган тарихи ластану объектілерін санаттау нәтижелері бойынша өздеріне қатысты тарихи ластануды жою жөніндегі жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ өзге де кезек күттірмейтін шараларды қабылдау бірінші кезекті тәртіппен жүзеге асырылуға тиіс басым объектілерді және тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізілген тарихи ластанудың өзге де объектілеріне қатысты жою жөніндегі жұмыстарды жүргізудің кезектілігін айқындайды.
8. Тарихи ластану объектілерінің мемлекеттік тізілімі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастырылады.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
О защите растений Статья 19-5. Форма завершения государственного фитосанитарного контроля ҚР Экологиялық кодексi 318-бап. Қалдықтардың иелері ҚР Экологиялық кодексi 349-бап. Полигондардың сыныптары ҚР Экологиялық кодексi 168-бап. Ұлттық гидрометеорологиялық қызметті қаржыландыру ҚР Экологиялық кодексi 140-бап. Ремедиация бағдарламасын іске асыруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей