Ст. 148 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
148-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретінде кепілдікті қолдану
1. Оператор осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, кепіл осы Кодекстің 147-бабының талаптарына сәйкес қаржылық қамтамасыз ету ретінде берілген кепілдікке орай Қазақстан Республикасының алдында осы Кодекске сәйкес айқындалатын ақша сомасы шегінде жауап беруге міндеттенеді.
2. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, шетелдік банк не акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болатын ұйым кепіл бола алады. Егер шетелдік банк немесе акциялары бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында айналыста болатын ұйым кепіл болса, мұндай кепілдер қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын шетел валютасындағы ең төмен жеке кредиттік рейтинг жөніндегі шарттарға сәйкес келуге тиіс.
3. Банктің осы бапқа сәйкес берген кепілдік жөніндегі міндеттемесі I санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою аяқталғаннан кейін тоқтатылады.
4. Кепілдік қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік нысанға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде беріледі.
Шетелдік тұлға беретін кепілдік қазақ және орыс тілдеріне міндетті түрде аударыла отырып, шет тілінде жасалуы мүмкін, оның дұрыстығын нотариус куәландыруға тиіс.
5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалған кепілдік шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Кепілдікті қабылдату үшін І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға кепілдік шартын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтініш ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, кепілдікті қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе сол мерзімде өтініш берушіні жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар ете отырып оны қабылдаудан бас тартады.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мына жағдайлардың бірінде:
1) ұсынылған кепілдік шарты Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
2) кепіл осы баптың 2-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
3) сот мұндай талапты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, кепіл бұрын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның тиесілі сомаларды төлеу туралы талабын орындамаса, қаржылық қамтамасыз ету ретінде кепілдікті қабылдаудан бас тартады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Читать еще раз
ҚР Экологиялық кодексi 418-бап. Өтпелі ережелер ҚР Экологиялық кодексi 24-бап. Қоршаған ортаның жай-күйі және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы интерактивті баяндама ҚР Экологиялық кодексi 162-бап. Метеорологиялық мониторинг ҚР Экологиялық кодексi 339-бап. Қалдықтарға меншік құқығы және оларды басқару үшін жауапкершілік ҚР Экологиялық кодексi 356-бап. Полигонды (полигонның бір бөлігін) жабу, рекультивациялау және мониторингтеу рәсімдеріРекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 146-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiнiң бiрыңғай мемлекеттiк жүйесiн қаржыландыру ҚР Экологиялық кодексi 145-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiбiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң жұмыс iстеу негiздерi ҚР Экологиялық кодексi 144-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингiбiрыңғай мемлекеттiк жүйесiнiң деңгейлерi мен байқау желiлерi ҚР Экологиялық кодексi 150-бап. Кадастрлардың бiрыңғай жүйесiнiң құрылымы мен мазмұны ҚР Экологиялық кодексi 147-бап. Қоршаған ортаның ластану учаскелерiн есепке алуды жүргiзудiң мiндеттерi мен принциптерiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей