Ст. 149 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
149-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі банктік салым кепілін қолдану
1. І санаттағы объектінің операторы (кепіл беруші) осы Кодекстің 147-бабының 1-тармағында көрсетілген өз міндеттемелерін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мерзімде орындамаған (тиісінше орындамаған) жағдайда, Қазақстан Республикасының (кепіл ұстаушының) банктік салым кепіліне орай кепілге салынған банктік салымның сомасынан оператордың басқа кредиторлары алдында артықшылықты түрде қанағаттандыру алуға құқығы бар. 2. Осы бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде орналастырылған банктік салым ғана кепіл нысанасы болуы мүмкін.
3. Салым теңгемен немесе шетел валютасымен енгізілуі мүмкін.
4. Қаржылық қамтамасыз ету болып табылатын банктік салымды қайта кепілге салуға тыйым салынады.
5. Заңды тұлға болып табылатын І санаттағы объект операторының банкроттығын қоса алғанда, ол таратылған жағдайда, кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру тәртібі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында реттеледі.
6. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган банктік салым кепілінің шарты негізінде банктік салым кепілін қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Банктік салым кепілінің шартын жасасу үшін І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға банктік салым шартының көшірмесін және екінші деңгейдегі банктің банктік салымның бар-жоғы туралы анықтамасын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті ұсынады.
7. Банктік салым кепілінің шарты І санаттағы объектінің операторы және (немесе) кепіл беруші ретіндегі үшінші тұлға, кепіл ұстаушы ретіндегі қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мен екінші деңгейдегі банк арасында қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретінде банктік салым кепілінің үлгілік шартына сәйкес жасалады.
8. Банктік салым кепілінің шарты І санаттағы объект операторының банктік салым кепілі шартын жасасу туралы өтініші алынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жасалады.
9. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган банктік салым кепілінің шарты жасалған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сол мерзімде өтініш берушіні жазбаша немесе электрондық нысанда хабардар ете отырып, осындай шартты қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей