Ст. 151 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
151-бап. Қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шартын қолдану
1. Объектінің операторы І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін сақтандыру ұйымымен сақтандыру шартын жасасуға құқылы, соған орай объект операторының І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен (сақтандыру жағдайы) орындамауы немесе тиісінше орындамауы Қазақстан Республикасының (пайда алушы) пайдасына сақтандыру сомасын төлеуге алып келеді. 2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарымен жасалған шарттарды қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды.
Осы баптың 1-тармағында көрсетілген сақтандыру шарты қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен, І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелердің орындалуын қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартына сәйкес жасалады.
І санаттағы объект операторының І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі өз міндеттемелерін орындауға байланысты мүліктік мүддесі қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шартының объектісі болып табылады.
І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді осы Кодексте белгіленген мерзімде орындамау немесе тиісінше орындамау фактісі қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы болып танылады.
Сақтандыру шартын қабылдату үшін І санаттағы объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға сақтандыру шартын қоса бере отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өтінішті ұсынады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган көрсетілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдайды немесе сол мерзімде өтініш берушіні жазбаша немесе электрондық түрде хабардар ете отырып, оны қабылдаудан бас тартады.
3. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайлардың бірінде:
1) ұсынылған сақтандыру шарты І санаттағы объектіні пайдалану салдарларын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауды қаржылық қамтамасыз ету ретіндегі үлгілік сақтандыру шартына сәйкес келмесе;
2) сот мұндай талапты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңсыз деп таныған жағдайларды қоспағанда, қаржылық қамтамасыз ету ретінде ұсынылған сақтандыру шартын жасасқан сақтандыру ұйымы сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдау туралы өтініш тіркелген күн қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сақтандыру төлемі туралы талабын бұрын орындамаса, сақтандыру шартын қаржылық қамтамасыз ету ретінде қабылдаудан бас тартады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның сақтандыру төлемі туралы талабы осындай талап алынған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сақтандыру ұйымының бұлжытпай және міндетті түрде орындауына жатады. Сақтандыру ұйымы көрсетілген талапты орындамаған немесе орындау мерзімдерін бұзған кезде, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
8-БӨЛІМ. ҚОРШАҒАН ОРТА МЕН ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МОНИТОРИНГІ
Лучшие юристы





Добрый день! Скажите пожалуйста имеет ли право полицейский ,за первый штраф, применять сокращенное производство по ст.407п2 коАП ,за выгул собаки не крупной на пустыре ,но на коротком поводке? без намордника,.?и угрожать закрытием в кпз на сутки,если не подпишу протокол?вы не составляете заявления в суд,
Добрый день. Я хотел задать вопрос. Я работаю на железнодорожный станции. Я вместе сижу с Пограничный службы в одном здание. Когда я выходил со своего кабинета без пропуска они меня штрафовали. Это правильно ли по закону.
Добрый день!
Позвоните мне по телефону.
Здравствуйте!
Действие магазина незаконно.
Это нарушает ст.3 Закона РК "О введении национальной валюты РК" - Тенге обязательны к приему на территории Республики Казахстан во все виды платежей всеми физическими и юридическими лицами, независимо от форм собственности, а также банками для зачисления во вклады и на счета без всяких ограничений.
Сейчас в торговых точках не всегда достаточно наличных денег и порой кассирам просто нечем вернуть сдачу. Возможно, кассир имела в виду именно это. Тенге - национальная валюта и единственное платежное средство на территории РК.
*****
Уважаемый, Гость! Благодарю Вас за поставленный вопрос! Возможно ответ будет полезен и другим нашим форумчанам)
Если Вы довольны ответом, прошу поставить лайк комментарию и оценить профиль юриста, для этого достаточно нажать на мое фото и перед Вами откроется предложение оценить.
Здравствуйте!
В случае ликвидации, сокращения штата или при расторжении трудового договора по Вашей инициативе по вине работодателя, то Вам выплачивается такая компенсация.
Это Вы находитесь в декретном отпуске? У Вас несколько комментариев. Вы писали заявление о предоставлении Вам отпуска по уходу за ребенком до достижения им возраста 3-х лет? Если да, то ст.57 о которой Вы говорите, не применима в Вашем случае.
*****
Уважаемый, Гость! Благодарю Вас за поставленный вопрос! Возможно ответ будет полезен и другим нашим форумчанам)
Если Вы довольны ответом, прошу поставить лайк комментарию и оценить профиль юриста, для этого достаточно нажать на мое фото и перед Вами откроется предложение оценить.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей