Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 152 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Экологиялық кодексi
152-бап. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі

1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі Қазақстан Республикасында жұмыс істеп тұрған мониторингтің қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды қорғау, молықтыру және пайдалану, адамдардың өмірін және (немесе) денсаулығын табиғи және антропогендік ортаның зиянды факторларының әсерінен қорғау, сондай-ақ климат өзгеруінің әсер етуі мен климат өзгеруінің болжамды әсер етуі мәселелерін тікелей немесе жанама түрде қамтитын барлық жүйесін, кіші жүйесін және түрін біріктіретін, мемлекет қамтамасыз ететін көп мақсатты жүйені білдіреді. 

2. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі мынадай элементтерді қамтиды: 

1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар; 

2) осы Кодекске сәйкес Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері; 

3) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі.  

3. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің міндеттері мыналар болып табылады: 

1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін, оларда болып жатқан процестерді, құбылыстар мен өзгерістерді ұдайы байқау, мұндай өзгерістерді бағалау, болжау және бақылау; 

2) қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің деректерін жинау, жинақтау, сақтау, есепке алу, жүйелеу, жинақтап-қорыту, өңдеу және талдау; 

3) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттері шегінде функцияларды жүзеге асыруы мақсатында олардың арасында өзара іс-қимылды, үйлестіруді және ақпарат алмасуды қамтамасыз ету; 

4) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның, оның ішінде табиғи ортаның (оның құрамдастарының, табиғи және табиғи-антропогендік объектілердің, табиғи кешендердің, биоәртүрліліктің) және антропогендік ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ табиғи және антропогендік ортаның адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына және тұтас қоршаған ортаға ықпал ететін зиянды факторлары туралы анық және салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету. 

4. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі деректердің салыстырмалығын және ақпараттық ресурстардың үйлесімділігін қамтамасыз ететін бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және ақпараттық тәсіл негізінде жүзеге асырылады. 

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекітеді, оларда мыналар қамтылуға тиіс: 

1) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің деректерін жинауға, жинақтауға, сақтауға, есепке алуға, жүйелеуге, жинақтап-қорытуға, өңдеуге және талдауға қойылатын бірыңғай ұйымдастырушылық, әдіснамалық, метрологиялық және өзге де талаптар; 

2) Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимыл және жұмыс процестерін үйлестіру тәртібі; 

3) "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін қалыптастыру және оның жұмыс істеу тәртібі, оның құрылымы мен ақпарат көздері, сондай-ақ оған Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылардың және өзге де мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың қол жеткізу қағидалары, деңгейлері, тәртібі мен шарттары. 

6. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасындағы жұмыс процестерін үйлестіруді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады. 

7. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесіне қатысушылар арасында, оның ішінде "Қазақстан Республикасының қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі шеңберінде ақпарат алмасу өтеусіз негізде жүзеге асырылады. 

8. Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесінің құрылымына енгізілген мониторингтің жүйелері, кіші жүйелері мен түрлері шеңберінде қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйін байқау, оның ішінде Жерді қашықтан зондтау деректері пайдаланыла отырып жүргізіледі. 

Ескерту. 152-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 21.12.2022 № 167-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...150 151 152 153 154 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

У моего супруга был договор, как у директора филиала Компании, использования личного автомобиля в служебных целях, с этого года он отказался подписывать такой договор в связи с неисправностью личного автотранспорта(часто ломается), его хотят уволить из за этого. Законно ли это?


Менің күйеуім бір азаматтан нақты алған қарыз сомасы – 6 500 000 (алты миллион бес жүз мың) теңге.

Алайда қарыз беруші бұл соманы заңсыз жолмен көбейтіп, әртүрлі қолхаттар мен құжаттарға шындыққа сай келмейтін сандарды жаздырып алған.

2 500 000 теңге бойынша жағдай

Күйеуім 2 500 000 теңге алғанына қарамастан, қарыз беруші қолхатта қарыз сомасын 5 000 000 теңге деп көрсетіп жаздырған.Осы қолхатта:“Қарыз уақытында қайтарылмаса, автокөлігімді беремін”деген шарт енгізілген.Маңызды жайт:Аталған автокөлік банкте кепілде тұрғаны қарыз берушіге алдын ала ескертілген, яғни ол мүлік заңды түрде беруге жарамсыз болған. 4 000 000 теңге бойынша жағдайКүйеуім 4 000 000 теңге алған, бірақ қарыз беруші бұл соманы 10 000 000 теңге деп жаздырып,“Қайтарылмаса, үйді беремін”деген қолхат жасатқан.Алайда:Бұл “үйдің” заңды құжаттары болмаған, тек жер телімі ретінде ғана тіркелген.

Жер телімін заңсыз иемдену Қарыз беруші кейін нотариус арқылы:

“Мен бұл жер телімін 10 000 000 теңгеге сатып алдым”деген мазмұнда жалған мәміле рәсімдетіп, жер телімін өз атына өткізіп алған.Бұл мәміле нақты қарызды жасыру және мүлікті иемдену мақсатында жасалған деп есептейміз.Үйді сатып жіберу

Кейін қарыз беруші:“Үйдің құжатын жасап аламын” деп қорқытып,сол жердегі үйді сатамын деп қысым көрсеткен,нәтижесінде үйді үшінші тұлғаға сатып жіберген.Заңсыз өсім мен қысым Қарызды кешіктірген уақыттан бастап, қарыз беруші:ешбір жазбаша келісімсіз,ауызша түрде.Күніне 100 000 теңге өсім қосылады”

деп талап қойған.Осылайша 6 500 000 теңге қарызды бірден 15 000 000 теңгеге дейін өсіріп, психологиялық қысым мен қорқыту арқылы талап еткен.

Оның әрекеттерінде ҚР ҚК:

190-бап — алаяқтық

194-бап — бопсалау

214-бап — заңсыз өсімқорлық

389-бап — өзінше билік ету белгілері бар деп есептеймін


көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться