Ст. 20 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
20-бап. Экологиялық ақпарат беру мерзімдері мен тәртібі
1. Экологиялық ақпарат беру және беруден бас тарту мерзімдері, тәртібі осы Кодекстің талаптары ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде және "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді. 2. Қоршаған ортаға әсерді бағалау рәсіміне және белгіленіп отырған қызмет бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысты экологиялық ақпаратқа қол жеткізу осы Кодекске сәйкес қамтамасыз етіледі.
3. Экологиялық ақпаратқа қолжетімділік беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салынған экологиялық ақпаратты анықтауға мүмкіндік бермесе;
2) егер сұрау салу "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының талаптарына сәйкес келмесе;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзуға алып келсе;
4) егер сұрау салуда экологиялық ақпарат иесі қабылдаған актілерді құқықтық бағалау, экологиялық ақпарат иесінің не оған ведомстволық бағынысты органдар мен ұйымдардың қызметіне талдау немесе ол аяқталғанға дейін өзге де талдау жұмысын жүргізу туралы мәселе қойылса;
5) мемлекеттік бақылау және қадағалау шеңберінде жүргізілетін тексерулердің нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
6) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңестер қорытындылары бойынша әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
7) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттардың мазмұнын ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін;
8) егер бұл зияткерлік меншік құқықтарын бұзуға алып келсе;
9) егер бұл алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын бұзуға алып келсе, бас тартылуға тиіс.
Қоршаған ортаға эмиссиялардың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы ақпарат коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия деп таныла алмайды.
4. Осы баптың 3-тармағына сәйкес ашылуға жатпайтын ақпаратты құпиялығына нұқсан келтірілмей өзге ақпараттан бөлу мүмкін болған жағдайларда, соңғысы өтініш берушіге берілуге тиіс.
5. Мемлекеттік органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған жағдайларда, алынған сұрау салу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде, өтініш беруші бұл туралы хабардар етіле отырып, тиісті мемлекеттік органға қайта жіберіледі.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я нахожусь в декретном отпуске 1,5 года, компания просит, чтобы я уволилась в связи с ликвидацией компании, уведомление о ликвидации компании выставили 17 марта, прислали на почту 20 марта, в уведомлении ссылаются на статью 52 1 пункт, а про компенсацию ничего не написали, подскажите пожалуйста, какую компенсацию они мне должны выплатить и могу ли я подписывать такой документ?
Здравствуйте!
В магазине отказались принимать наличные деньги(тенге). Кассир заявил, что принимают оплату толька картой или кьюар. Законно ли деиствие магазина?
Мужа задержали,так как он не являлся на отметку в органы пробации, до этого был освобождён по статье УК 44рк
На данный момент 30го числа будет суд и время его провождения под стражей 26 дней, суд будет о замене ??его наказания но при этом учитываются статьи 476,477,480 что можно сделать, так как в положении и до родов не далеко осталось, у него ещё есть не совершенно летняя дочь,
При рассмотрении суда могут ли ему дать условный срок отбытия наказания ?
В административном кодексе закон обратной силы не имеет, то есть вы не сможете восстановить водительское удостоверение, так как совершили правонарушение в момент действия закона в то время и изменить решение суда не получится по истечению установленных сроков
В данном законе в статье 26 указано, что действие статей 18-24 настоящего Закона распространяется на жертв политических репрессий, реабилитированных до вступления настоящего Закона в силу, то есть в связи с принятием данного закона, они распространяются на реабилитированных до и после принятия закона.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей