Ст. 21 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
21-бап. Экологиялық ақпаратты жинау және тарату
1. Мемлекет экологиялық ақпаратты жинау және тарату жөніндегі шараларды, оның ішінде: 1) Қазақстан Республикасының ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу және ашық қолжетімділікте орналастыру;
2) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндамасын әзірлеу және жариялау;
3) мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу және оған еркін қолжетімділік беру;
4) масс-медиада, телекоммуникация желілерінде немесе онлайн-платформаларда, сондай-ақ мемлекеттік органдар жүргізетін экологиялық ағарту жөніндегі іс-шаралар шеңберінде экологиялық ақпаратты ұдайы тарату арқылы қамтамасыз етеді.
2. Мемлекеттік органдар жұртшылыққа ақпаратқа қол жеткізу мәселелерінде, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардың иелігіндегі экологиялық ақпараттың түрі мен көлемі туралы және осындай ақпаратты беру және оған қол жеткізу шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат беру арқылы қолдау көрсетуге міндетті.
3. Астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы ресми интернет-ресурсында:
1) жыл сайын 1 мамырға дейін өткен жылғы:
қоршаған орта сапасының бекітілген нысаналы көрсеткіштерін және барлық тиісті индикаторлардың нақты нәтижелерін;
мемлекеттік экологиялық саясаттың жергілікті деңгейде іске асырылу барысы туралы ақпаратты;
қоршаған ортаға жағымсыз әсер еткені үшін жергілікті бюджетке түскен төлемнің жалпы сомасы туралы мәліметтерді;
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес салынатын және қоршаған ортаға теріс әсер ететін объектінің орналасқан жері бойынша есепке жатқызуға жататын, жер қойнауын пайдаланушылардан қоршаған ортаға жол берілетін антропогендік әсер ету нормативтерін бұзғаны үшін айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты;
жер қойнауын пайдаланушылардан және мұнай секторы ұйымдарынан зиянды өтеу туралы талап қоюлар бойынша алынған қаражаттың жалпы сомасы туралы ақпаратты;
2) тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей:
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы және жергілікті бюджеттің осындай іс-шараларға арналған шығыстары туралы есепті;
қоршаған ортаға әсер ету туралы қабылданған декларациялар бойынша жиынтық деректерді орналастырады.
4. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган жыл сайын 1 мамырға дейін ресми интернет-ресурста өткен жылғы:
1) мемлекеттік экологиялық саясаттың іске асырылу барысы туралы;
2) экологиялық залалды ремедиациялау жөніндегі іске асырылған іс-шаралар туралы;
3) республикалық бюджеттің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларға арналған шығыстары туралы;
4) мемлекеттік экологиялық бақылау нәтижелері және Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін бюджетке өндіріп алынған айыппұлдардың жалпы сомасы туралы ақпаратты орналастырады.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 08.07.2024 № 116-VIII ("Масс-медиа туралы" ҚР Заңы қолданысқа енгізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 13.01.2025 № 157-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2025 № 172-VIII (16.03.2025 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Адвокат Сеитов Болат Джамбулович, лицензия 25000656 от 15.01.2025г., +77776018430 Шымкент, консультация бесплатная
Александр
michaelbates
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
ҚР Экологиялық кодексi 24-бап. Қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткiштерi ҚР Экологиялық кодексi 19-бап. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi өкiлдi органдарының қоршаған ортаны қорғау саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерi туралы 38-бап. шкi әскердi қаржыландыру О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан Статья 15. Порядок работы и принятия постановлений постоянными комиссиями маслихата ҚР Экологиялық кодексi 18-бап. Арнайы уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың құзыретiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей