Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 22 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

ҚР Экологиялық кодексi
22-бап. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі

1. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі – әркімнің экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын қамтамасыз ету, жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануын болғызбау мен қысқартуға жәрдемдесу мақсатында жүргізілетін ресми интернет-ресурста ашық қолжетімділікте орналастырылған, ластағыш заттардың қоршаған ортаға эмиссияларының жай-күйі және қоршаған ортаның ластану деңгейлері туралы құрылымданған электрондық дерекқор. 

2. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді ұйымдастырады. 

Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы жүзеге асырады. 

Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

3. Осы баптың мақсаттары үшін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне қатысты:  

1) "ластағыш" термині өздерінің қасиеттеріне орай және осындай заттарды қоршаған ортаға енгізу салдарынан қоршаған ортаға немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиянды болуы мүмкін және ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне енгізілген затты немесе заттар тобын білдіреді; 

2) "шығарынды" термині қандай да бір қызмет нәтижесінде, оның әдейі немесе авариялық, жоспарлы немесе жоспардан тыс болып табылатын-табылмайтынына қарамастан, ластағыштардың қоршаған ортаға кез келген енгізілуін, оған қоса жер бетіне және су объектілеріне төгілуін, атмосфералық ауаға эмиссияны, ластағыштардың су объектілеріне ағызылуын, ластағыштардың жер қойнауына айдалуын, қалдықтардың көмілуін немесе олардың жер бетінде не сарқынды суларды түпкілікті тазартусыз кәріз жүйесі арқылы орналастырылуын білдіреді; 

3) "көшіру" термині жоюға немесе қалпына келтіруге арналған ластағыштардың немесе қалдықтардың, сондай-ақ тазартуға арналған сарқынды сулар құрамындағы ластағыштардың объект шегінен тыс жерге орын ауыстыруын білдіреді; 

4) "объект" термині сол бір тұлғаның меншігіндегі немесе сол бір тұлға пайдаланатын сол бір учаскедегі немесе іргелес учаскелердегі бір немесе бірнеше өнеркәсіптік қондырғыны білдіреді. 

4. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің ақпараты оны жергілікті жерде көрнекі көрсету мақсатында тиісті картографиялық материалдарға байланыстырыла отырып келтіріледі. 

5. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі: 

1) стационарлық ұйымдастырылған көздер бойынша есептілікке қатысты нақты объектілерге байланыстырыла отырып; 

2) ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген өнеркәсіп салалары бойынша есептілік үшін ластағыштардың тізбесіне сәйкес ластағыштың әрбір түрі және қалдықтардың әрбір түрі бойынша жеке-жеке; 

3) нұсқаулық-әдістемелік құжаттарға сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды айқындау негізінде жүргізіледі. 

Қоршаған ортаға эмиссияларды анықтаудың нұсқаулық-әдістемелік құжаттарын, оның ішінде ауыр металдар мен төзімді органикалық ластағыш заттар эмиссияларын есептеу әдістемесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

6. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі Қазақстан Республикасында қолданылатын қоршаған орта сапасының нормативтері, ластағыш заттардың халық денсаулығы мен қоршаған ортаға әсері туралы ақпаратты, ластағыш заттардың шығарындылары мен көшірілуі жөніндегі басқа да ғылыми негізделген ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасында ластағыш заттардың эмиссиясын жүзеге асыратын объектілер туралы ақпаратты қамтиды. 

7. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне берілетін әрбір объект туралы ақпаратта: 

1) есептілік ұсынылатын объектінің атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, пошталық мекенжайы, географиялық орналасқан жері (объектінің координаттары) және қызмет түрі немесе түрлері, сондай-ақ бірінші басшының аты және тегі;  

2) есептілік ұсыну талап етілетін әрбір ластағыштың атауы және сәйкестендіру нөмірі;  

3) объектіде шығарылуы жүзеге асырылған әрбір ластағыштың есепті жылдағы саны (жиынтық, сондай-ақ ластағыштарды жер қойнауына айдауды қоса алғанда, ауаға, суға немесе жерге шығарылуы бойынша бөлшектелген саны);  

4) қауіпті және қауіпті емес қалдықтар арасында аражікті белгілеп, тиісінше "В" немесе "У" белгілерін көрсете отырып (қалдықтардың қалпына келтіруге немесе жоюға арналғанына қарай), есепті жылы объектінің шегінен тыс жерге көшірілген қалдықтардың саны (қауіпті қалдықтар үшін объектінің шегінен тыс жерге көшіру жылына екі тоннадан немесе қауіпті емес қалдықтар үшін жылына екі мың тоннадан асқан жағдайда), сондай-ақ қауіпті қалдықтарды трансшекаралық көшіру кезінде – қалдықтарды қалпына келтіруді немесе жоюды жүзеге асыратын субъектінің атауы мен мекенжайы, өзіне көшірілген ластағыштар түсетін объектінің географиялық орналасқан жері;  

5) есептілік ұсыну талап етілетін және есепті жыл ішінде объектінің шегінен тыс жерге көшірілген сарқынды сулардағы әрбір ластағыштың саны; 

6) ақпараттың өлшемдерге, есеп-қисаптарға немесе бағалауларға негізделген-негізделмегенін көрсете отырып, ластағыштар мен қалдықтардың саны туралы ақпарат алу үшін пайдаланылған әдіснаманың типі қамтылуға тиіс. 

8. Осы баптың 9-тармағында көрсетілген объектілердің операторлары жыл сайын 1 сәуірге дейін ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне өткен күнтізбелік жыл үшін осы баптың 7-тармағына сәйкес ақпаратты қамтитын есептілікті ұсынуға міндетті.  

Осындай ақпарат тиісті болатын күнтізбелік жыл есепті жыл болып табылады. 

9. Осы баптың 8-тармағында белгіленген есептілікті ұсыну жөніндегі міндет ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленген, өндіріс қуатына қолданылатын шекті мәндерден асатын бір немесе одан көп қызмет түрін жүзеге асыратын және төменде санамаланған: 

1) қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлерде кез келген ластағыштардың шығарындыларын жүзеге асырады;  

2) тазартуға арналған сарқынды сулардағы, қолданылатын шекті мәндерден асатын мөлшерлердегі кез келген ластағышты объект алып жатқан өнеркәсіптік алаңның шегінен тыс жерге көшіруді жүзеге асырады деген өлшемшарттардың кез келгеніне сәйкес келетін объектілердің операторларына қолданылады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасындағы ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуі саны үшін қолданылатын шекті мәндер ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларында белгіленеді. 

10. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне ақпаратты операторлар ластағыштардың шығарылуы мен көшірілу тіркелімінің ақпараттық жүйесіндегі есептілік нысанын толтыру және осы нысанға тиісті оператор өзінің атынан көрсетілген тіркелімге ақпарат беруге уәкілеттік берілген тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою арқылы береді. 

11. Оператор ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін айқындауды ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімін жүргізу қағидаларына сәйкес айқындалатын ең үздік қолда бар ақпаратты пайдалана отырып жүзеге асырады. Оператор есепті ақпарат өздерінің көмегімен алынған деректерді, сондай-ақ деректерді жинаудың пайдаланылған әдіснамасының сипаттамасын тиісті есепті жылдың соңынан бастап бес жыл бойы сақтауға тиіс. 

12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне операторлар беретін ақпаратты ашық қолжетімділікте орналастырады.  

Берілген ақпараттың толықтығы мен сапасына оператор жауапты болады.  

13. Ақпарат ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркеліміне енгізілуге және әрбір есепті жыл аяқталған кезден бастап он бес айдан кешіктірілмей жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс. 

14. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінің деректері ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімі енгізілген сәттен бастап кемінде алдыңғы он есептік жыл үшін жұртшылыққа қолжетімді болуға тиіс.  

15. Ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуінің тіркелімінде ластағыштардың шығарылуы мен көшірілуін іздестіру және оларды: 

1) объект және оның географиялық орналасқан жері;  

2) қызмет түрі;  

3) объектінің операторы;  

4) ластағыш және (немесе) қалдықтар;  

5) шығарынды жүзеге асырылатын қоршаған ортаның әрбір құрауышы; 

6) ластағыштарды көшірудің соңғы пункті және тиісті жағдайларда қалдықтарды жою немесе қалпына келтіру жөніндегі операциялардың түрлері бойынша сәйкестендіру мүмкіндігін көздеуге тиіс. 

Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2023 № 17-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Статья 1 ...20 21 22 23 24 ...418

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться