Ст. 221 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
221-бап. Суды тарту және (немесе) пайдалану жөніндегі экологиялық талаптар
1. Арнайы су пайдалану тәртібімен жерүсті және жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану арнайы су пайдалануға рұқсаттың немесе кешенді экологиялық рұқсаттың шарттарына сәйкес, сондай-ақ осы Кодексте көзделген экологиялық талаптар сақталған кезде жүзеге асырылуға тиіс. 2. Арнайы су пайдалануға рұқсаттың немесе кешенді экологиялық рұқсаттың шарттарында көзделмеген мақсатта немесе осы шарттарды бұза отырып, жерасты суларын тартуға және (немесе) пайдалануға тыйым салынады.
3. Жерасты суларын мемлекеттік есепке алуды, олардың пайдаланылуын бақылауды және қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында арнайы су пайдалану тәртібімен жерасты суларын тарту және (немесе) пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыратын су пайдаланушылар Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарына сәйкес:
1) жерасты су объектілерінен тартылатын және оларға төгілетін суларды бастапқы есепке алуды жүргізуге;
2) су тарту және су ағызу құрылысжайларын жерасты суларының жұмсалуын өлшеу құралдарымен жабдықтауға және өздігінен ағатын гидрогеологиялық ұңғымаларда реттеуші құрылғылар орнатуға;
3) бекітілген жобада (технологиялық схемада) көзделген кезеңділікке және өзге де талаптарға сәйкес жерасты суларын тартуға бақылау, ұңғымалардың жұмысына жедел бақылау және технологиялық режимнің орындалуына бақылау жасауға;
4) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекітетін статистикалық әдіснамаға сәйкес жерасты суларын пайдалану туралы бастапқы статистикалық деректерді ұсынуға міндетті.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей