Ст. 222 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
222-бап. Сарқынды суларды төгу кезіндегі экологиялық талаптар
1. Сарқынды суларды табиғи жерүсті және жерасты су объектілеріне төгуге тиісті экологиялық рұқсат болған кезде ғана жол беріледі. 2. Сарқынды суларды жинақтағыштарды және (немесе) сарқынды суларды табиғи биологиялық тазартуға арналған жасанды су объектілерін пайдаланатын тұлғалар олардың қоршаған ортаға әсер етуін болғызбау бойынша қажетті шаралар қабылдауға, сондай-ақ оларды пайдалану тоқтатылғаннан кейін жерлерді рекультивациялауды жүзеге асыруға міндетті.
3. Түзілетін сарқынды суларды кәдеге жаратудың басқа да тәсілдері немесе технологиялық процесте сарқынды сулардың түзілуін болғызбау мүмкін болмаған кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының рұқсаты бойынша жаңа жинақтағыш-буландырғыштарды жасауға (қолданыстағыларын кеңейтуге) жол беріледі, ол қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде негізделуге тиіс.
4. Жобаланатын (пайдалануға жаңадан берілетін) сарқынды суларды жинақтағыш-буландырғыштар ластағыш заттардың жер қойнауына және жерасты суларына енуін болғызбайтын сүзуге қарсы экранмен жабдықталуға тиіс. Жинақтағыштарда орналастырғанға дейін сарқынды суларды алдын ала тазарту жөніндегі технологиялық және техникалық шешімдерді айқындау және негіздеу қоршаған ортаға әсер етуге бағалау жүргізу кезінде жүзеге асырылады.
5. І және (немесе) ІІ санаттағы объектілердің операторлары экологиялық рұқсатта белгіленген төгінді үшін экологиялық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
6. Жерүсті су объектілеріне төгілетін сарқынды сулардың температурасы Цельсий бойынша 30 градустан аспауға тиіс.
7. Төгілетін сарқынды суларда бетон мен металды бүлдіріп-бұзатын заттар болмауға тиіс.
8. Тазартылу дәрежесіне қарамастан, сарқынды суларды орталықтандырылған ауызсумен жабдықтау көздерін, курорттарды санитариялық қорғау аймақтарында, шомылуға бөлінген жерлерде жерүсті су объектілеріне төгуге жол берілмейді.
9. Сарқынды суларды төгуді жүзеге асыратын немесе тұйықталған сумен жабдықтау циклі бар I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес су көлемін есепке алу аспаптарын пайдалануға және су тұтыну мен су бұруды есепке алу журналдарын жүргізуге тиіс.
I және (немесе) II санаттағы объектілердің операторлары су ресурстарын ұтымды пайдалану мақсатында суды қайтадан пайдалану, айналмалы сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға міндетті.
10. Тау-кен металлургия кәсіпорындарының шахта және карьер суларының жинақтағыш тоғандарға және (немесе) буландырғыш тоғандарға, сондай-ақ сумен салқындату үшін пайдаланылатын сулардың тұйықталған (айналмалы) сумен жабдықтау жүйесінде орналасқан жинақтағыштарға төгілуін қоспағанда, алдын ала тазартпай сарқынды суларды төгуге тыйым салынады.
11. Су пайдаланушылар сарқынды суларды төгу кезінде:
1) Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген меншікті немесе өзге зертханаларда төгілетін сулардың химиялық құрамын айқындауды қамтамасыз етуге;
2) қоршаған ортаны қорғау, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарға және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға ластағыш заттардың авариялық төгілуі туралы, сондай-ақ жерүсті және жерасты суларын алудың белгіленген режимінің және сарқынды суларды төгу (айдау) объектісінің бұзушылықтары туралы шұғыл ақпарат беруге міндетті.
12. Жерүсті су объектілеріне қалдықтарды төгуге тыйым салынады.
Лучшие юристы





Здравствуйте! Я попал в аварию,пострадал пассажир. 345 часть 2 возбудили через 3 дня дело закрыли до суда! Решение Адм.штраф!освобожден от уг.ответсвенности !теперь прошло 3 года .не принимают на работу в погран войска.это законно? По СГО вроде могу!
Здравствуйте! Нам отказали в утверждении зем. проекта по вопросу разделения зем.участка по 109ст. Земельного Кодекса РК. Как нам быть?
Здравствуйте! Можно ли принять на работу человека который был уволен по ст.52 п.1 п.п.11 тк рк?
Добрый день! Не нашла информацию про срок выплаты суточных до убытия? есть ли данный регламентированный срок?
Здравствуйте. Согласно п.1 ст.131. должны выплатить компенсацию в размере одной среднемесячной заработной платы. да Вы можете подписать.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей