Ст. 256 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
256-бап. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесі
1. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерінің тізбесін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді және Қазақстан Республикасының аумағында, оның ішінде континенттік қайраңда және Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында табиғи еркіндік жағдайында тұрақты түрде немесе уақытша құрлықта, суда, атмосферада және топырақта мекендейтін жануарлардың (омыртқалы және омыртқасыз) сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген, сондай-ақ табиғи мекендеу ортасында жойылып кеткен түрлерін (кіші түрлері, популяциясы) қамтиды. 2. Жануарлардың сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлеріне жатқызылған жануарлар мемлекеттік меншік болып табылады, ал еріксіз және (немесе) жартылай ерікті жағдайларда өсірілетін және ұсталатын жануарлар мемлекеттік меншікте де, жеке меншікте де болуы мүмкін.
3. Жеке және заңды тұлғалар сирек кездесетін және жойылып кету қатері төнген түрлерге жатқызылған жануарларды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шекте және тәртіппен пайдалануға құқылы.
Лучшие юристы





Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей