Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 278 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.10.2026

ҚР Экологиялық кодексi
278-бап. Кеме қатынасына қойылатын экологиялық талаптар

1. Каспий теңізінде өсімдіктер әлемі мен жануарлар дүниесі объектілерінің кездейсоқ интродукциялануын болғызбау үшін экологиялық зерттеп-қарау жүргізбестен, бұрын өзге су бассейндерінде жұмыс істеген жабдықты және аппаратураны, сондай-ақ кемелерді пайдалануға тыйым салынады. 

2. Су көлігімен жүзіп өтудің барлық түрлері жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасының құрамында ұсынылуға тиіс. Егжей-тегжейлі жобалау сатысында және жұмыстарды ұйымдастыру кезінде кемелердің маусымдар бойынша қозғалу кестесі айқындалуға және картографиялық материалдарда кемелердің жүзу маршруттары көрсетілуге тиіс. Жүзіп өту маршруттарын таңдау кезінде мұз қату жағдайларын қоса алғанда, гидрометеорологиялық жағдайлар, сондай-ақ балықтың бағалы түрлерінің уылдырық шашу және миграциялау, итбалықтардың жатақтарға бару, құстардың ұя салу кезеңдері мен орындары ескерілуге тиіс. 

3. Кемелердің барлығы отынды жабық бункерлеу жүйелерімен, ластанған сулар мен тұрмыстық қоқыс жинайтын ыдыстармен жабдықталуға, олардың ашық су айдынына төгілуіне мүмкіндік бермейтін құрылғылармен жарақтандырылуға тиіс. 

4. Сусымалы материалдарды, химиялық реагенттер мен қауіпті жүктерді тасымалдау Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес олардың қоршаған ортаға түсуін болғызбайтын жабық контейнерлер мен арнайы ыдыстарда жүзеге асырылуға тиіс. 

5. Кемелердің, басқа да жүзу құралдарының, теңіз бұрғылау қондырғылары мен платформаларының корпустары сертификатталған коррозияға қарсы заманауи материалдармен жабылуға тиіс. 

6. Теңізде кемелерге май құю отынның және жанар-жағармай материалдарының төгілуін және ағып кетуін болғызбайтын жүйелердің көмегімен жүргізілуге тиіс. 

7. Кемелерден шығатын шу мен діріл санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен нормаларда, гигиеналық нормативтерде белгіленген шудың шекті жол берілетін деңгейінен аспауға тиіс. 

8. Арнайы мақсаттағы кемелердің құрылыс жабдығы шу мен діріл деңгейін төмендетуге арналған құрал-жабдықтармен жасақталуға тиіс. 

9. Каспий теңізі акваториясында көмірсутектер мен өзге де қауіпті заттарды танкермен тасымалдау үшін қосарлы корпусы бар танкерлер пайдаланылады. 

10. Кемелер кеме палубаларының мұнай өнімдерімен ластануына, ластанған сарқынды сулардың су айдындарына төгілуіне жол бермейтін жабдықпен жарақталуға тиіс. Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі халықаралық конвенцияның (МАРПОЛ 73/78) белгіленген талаптарына сәйкес келмейтін мұнайды, ластағыш заттарды және құрамында ластағыш заттар бар сарқынды суларды, тазартылмаған балласт суларды, тамақ қалдықтарын, тұрмыстық қоқысты және пластмассалардың барлық түрін кемелерден су объектілеріне төгіп-тастауға тыйым салынады. Кемелерден ластануды болғызбау жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес қабылданады. 

11. Кеме қатынасы режимі жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, балық шаруашылығы, су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша белгіленеді. 

Ескерту. 278-бапқа өзгерісnth енгізілді - ҚР 09.04.2025 № 179-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2025 № 194-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.07.2026 № 340-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...276 277 278 279 280 ...418

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться