Ст. 398 ҚР Экологиялық кодексi 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ
ҚР Экологиялық кодексi
398-бап. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында барлау және өндіру кезіндегі экологиялық талаптар
1. Ұңғымаларды бұрғылау теңізде көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық практикада қабылданған сынақтан өткен озық қағидаттар мен әдістер негізінде жүзеге асырылуға тиіс. 2. Келісімшарт аумағы шегінде теңіз бұрғылау платформаларын орналастыруға арналған орындар балық аулау кәсіпшілігі, балықтардың бағалы түрлерін және су кәсіпшілігінің басқа да объектілерін сақтау және олардың өсімін молайту үшін перспективалық маңызы бар теңіз аудандарының қоршаған ортасын барынша сақтау мүмкіндігі ескеріле отырып таңдалуға тиіс.
3. Кеме қатынасы үшін қолжетімді акваторийде мұз жабыны болған кезде бұрғылау баржасынан немесе платформасынан бұрғылау жұмыстарын жүргізу көмірсутектердің ықтимал төгілуін оқшаулау үшін қажетті жабдықтары бар мұзжарғыш типтегі корабльдің ұдайы болуымен жүзеге асырылуға тиіс. Осы тармақта көрсетілген талап жасанды аралдарда ұңғымаларды бұрғылауға қолданылмайды.
4. Теңізде мұз қатқан қиын жағдайларда болжамды экстремалдық қысымы бар және құрамындағы күкіртсутегі өте жоғары болатын қалың тұз астындағы өнімді белдеуді ашуға және ұңғымаларды сынауға тыйым салынады.
5. Теңізде көмірсутектерді өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ұңғымалар сағаларында байқау және өлшеу арқылы өндірістік процеске мониторинг жүргізуге міндетті.
6. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушы авариялық төгілудің алдын алу, оны оқшаулау және жою жөніндегі іс-шараларды қамтамасыз етуге тиіс.
7. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуі туындаған кезде жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде оны жоюдың оңтайлы әдістері қолданылуға тиіс.
Жиынтық экологиялық пайданы талдау адамдардың денсаулығын барынша сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған, мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу тәсілін білдіреді.
Мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу адамдардың денсаулығын барынша сақтау және қоршаған ортаны қорғау үшін жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде жүргізіледі.
Жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін қоршаған ортаны қорғау, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су қорын пайдалану мен қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу тек қана:
1) елді мекеннен қашықтығы бес километрден кем болған кезде мұнай дағын жағу;
2) жағуға жататын мұнай дағын оқшаулау мақсатында хердерлерді қолдану;
3) су тереңдігі он метрден кем және жағалауға дейінгі қашықтық 1 километрден кем болған кезде диспергенттерді қолдану үшін талап етіледі.
Өзге жағдайларда мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін іріктеу қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жүзеге асырылады.
Диспергенттерді, хердерлерді кез келген қолдану немесе мұнай дағын жағу туралы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға хабар беру қажет.
Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
8. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) жиынтық экологиялық пайданы алдын ала және жедел талдау негізінде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі;
2) жиынтық экологиялық пайдаға талдау жүргізу әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
3) жиынтық экологиялық пайданы талдау мәселелері және теңізде мұнайдың төгілуін жою әдістері бойынша ұсынылатын ең үздік халықаралық практикалар тізбесін бекітеді.
9. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдар, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында жиынтық экологиялық пайданы талдау негізінде теңізде мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін айқындау, келісу және оларды таңдау туралы шешім қабылдау қағидаларында белгіленген жағдайларда мұнайдың төгілуін жоюдың оңтайлы әдістерін келіседі.
10. Теңізде және ішкі су айдындарында мұнайдың авариялық төгілуін жою кезінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген диспергенттер мен хердерлер қолданылады.
Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесін, Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне диспергенттер мен хердерлерді енгізу тәртібін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Диспергенттер – беткі-активті заттар мен еріткіштердің қоспасы, олар мұнай дағының табиғи процестердің әсер етуінен бұзылғанға дейін судың қабатында қала отырып, онымен барынша тиімді араласа алатын ұсақ тамшыларға бөлінуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттердің тізбесіне енгізу үшін диспергенттерді айқындау жөніндегі әдістемені қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың авариялық төгілуін жоюға арналған диспергенттер мен хердерлердің тізбесіне енгізу үшін хердерлерді айқындау әдістемесін бекітеді.
11. Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық карталарын (бұдан әрі – экологиялық сезімталдық карталары) әзірлеуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган қамтамасыз етеді және ол жинау, сақтау, өңдеу (есепке алу және жүйелеу), талдау жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
Экологиялық сезімталдық картасы экологиялық құндылығы жоғары әлеуметтік-экономикалық объектілердің, қоршаған орта объектілерінің орналасуын және теңізде мұнайдың төгілуін жою кезінде қорғау мен тазартудың басымдылығын айқындау үшін маусымдылықты ескере отырып, олардың сезімталдық индексін айқындайды.
Экологиялық сезімталдық картасы бағдарламалық қамтылыммен қалыптастырылады, жылына бір реттен кем емес кезеңділікпен толықтырылып және жаңартылып отырады.
12. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган:
1) экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индексін айқындау бойынша шешімдер қабылдау қағидаларын;
2) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті органдармен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін сезімталдық индекстері бар экологиялық сезімталдық картасын;
3) Қазақстан Республикасының теңізінде, ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнайдың төгілуін жою үшін экологиялық сезімталдық картасын әзірлеу әдіснамасын бекітеді.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей